Сүре 102 әл-Тәкәсур (Көбею)
-
أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ
Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды.(63-С.9-А)
102:1 -
حَتَّىٰ زُرْتُمُ الْمَقَابِرَ
Тіпті Қабырларыңа барғандарыңадейін.(Өлгендердіңе дейін.Б.М.)
102:2 -
كَلَّا سَوْفَ تَعْلَمُونَ
Жоқ олай емес.Тез білесіңдер.
102:3 -
ثُمَّ كَلَّا سَوْفَ تَعْلَمُونَ
Тағы олай емес.Жуырда білесіңдер.
102:4 -
كَلَّا لَوْ تَعْلَمُونَ عِلْمَ الْيَقِينِ
Жоқ олай емес.Анық білген боласыңдар;
102:5 -
لَتَرَوُنَّ الْجَحِيمَ
Әлбетте тазақты көресіңдер.
102:6 -
ثُمَّ لَتَرَوُنَّهَا عَيْنَ الْيَقِينِ
Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер.
102:7 -
ثُمَّ لَتُسْأَلُنَّ يَوْمَئِذٍ عَنِ النَّعِيمِ
Сол күні,(Дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.
102:8
Аударма: Халифа Алтай