Сүре 11 Һұд

  1. الر ۚ كِتَابٌ أُحْكِمَتْ آيَاتُهُ ثُمَّ فُصِّلَتْ مِنْ لَدُنْ حَكِيمٍ خَبِيرٍ

    Ұғымын Алла біледі. Бұл аяттары бекітілген бір Кітап. Сонсоң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген.

    11:1
  2. أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا اللَّهَ ۚ إِنَّنِي لَكُمْ مِنْهُ نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ

    Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге Оның тарапынан қорқытушы, қуандырушымын.

    11:2
  3. وَأَنِ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوا إِلَيْهِ يُمَتِّعْكُمْ مَتَاعًا حَسَنًا إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى وَيُؤْتِ كُلَّ ذِي فَضْلٍ فَضْلَهُ ۖ وَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ كَبِيرٍ

    Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын.

    11:3
  4. إِلَى اللَّهِ مَرْجِعُكُمْ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    Қайтар жерлерің Алла жақ. Ол, әр нәрсеге күші жетуші.

    11:4
  5. أَلَا إِنَّهُمْ يَثْنُونَ صُدُورَهُمْ لِيَسْتَخْفُوا مِنْهُ ۚ أَلَا حِينَ يَسْتَغْشُونَ ثِيَابَهُمْ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ ۚ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ

    естеріңде болсын. Олар, Одан жасырыну үшін кеуделерін бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрінеу, көмес істеген нәрселерін біледі. Расында Ол, көкіректегілерді толық білуші.

    11:5
  6. وَمَا مِنْ دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ إِلَّا عَلَى اللَّهِ رِزْقُهَا وَيَعْلَمُ مُسْتَقَرَّهَا وَمُسْتَوْدَعَهَا ۚ كُلٌّ فِي كِتَابٍ مُبِينٍ

    Жер бетіндегі әр жәндіктің көрегі Аллаға ғана тән. Ол, олардың тқрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта.

    11:6
  7. وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ وَكَانَ عَرْشُهُ عَلَى الْمَاءِ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا ۗ وَلَئِنْ قُلْتَ إِنَّكُمْ مَبْعُوثُونَ مِنْ بَعْدِ الْمَوْتِ لَيَقُولَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ

    Ол алла, қайсыларың жақсы ғамал істейді деп, сынау үшін көктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыдан кейін су жаратылған.) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер өлгеннен кейін тірілесіңдер» десең, кәпірлер: «Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес» дейді.

    11:7
  8. وَلَئِنْ أَخَّرْنَا عَنْهُمُ الْعَذَابَ إِلَىٰ أُمَّةٍ مَعْدُودَةٍ لَيَقُولُنَّ مَا يَحْبِسُهُ ۗ أَلَا يَوْمَ يَأْتِيهِمْ لَيْسَ مَصْرُوفًا عَنْهُمْ وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ

    Егер олардан азапты белгілі бір мерзімге дейін кешіктірсек, әрине олар: «Оны не тосты?»,- дейді. Сақ болыңдар! Оларға азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді.

    11:8
  9. وَلَئِنْ أَذَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنَّا رَحْمَةً ثُمَّ نَزَعْنَاهَا مِنْهُ إِنَّهُ لَيَئُوسٌ كَفُورٌ

    Егер біз адам баласына мәрхамет нәсіп етіп, сонан кейін оны одан алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер үзіп, өте қарсы келеді.

    11:9
  10. وَلَئِنْ أَذَقْنَاهُ نَعْمَاءَ بَعْدَ ضَرَّاءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ ذَهَبَ السَّيِّئَاتُ عَنِّي ۚ إِنَّهُ لَفَرِحٌ فَخُورٌ

    Алайда оған тиген зияннан кейін, нығметтерімізді таттырсақ, әрине: «Ол жамандықтар менен кетті» деп, күдіксіз ол қуанып, мақтанады.

    11:10
  11. إِلَّا الَّذِينَ صَبَرُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أُولَٰئِكَ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ كَبِيرٌ

    Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшін жарылқау және зор сауап бар.

    11:11
  12. فَلَعَلَّكَ تَارِكٌ بَعْضَ مَا يُوحَىٰ إِلَيْكَ وَضَائِقٌ بِهِ صَدْرُكَ أَنْ يَقُولُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ كَنْزٌ أَوْ جَاءَ مَعَهُ مَلَكٌ ۚ إِنَّمَا أَنْتَ نَذِيرٌ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) бәлкәм сен олардың: «Оған қазына неге түсірмейді? Яқи онымен бірге періште неге келмейді?»,- деулеріне көңлің тарайып, уақи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Алла әр нәрсеге кепіл.

    11:12
  13. أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ فَأْتُوا بِعَشْرِ سُوَرٍ مِثْلِهِ مُفْتَرَيَاتٍ وَادْعُوا مَنِ اسْتَطَعْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    Немесе олар: «Құранды өзі жасады»дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер айтқандарың шын болса, алладан өзге көмекке шақыра алатыңдарынды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де.

    11:13
  14. فَإِلَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكُمْ فَاعْلَمُوا أَنَّمَا أُنْزِلَ بِعِلْمِ اللَّهِ وَأَنْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ مُسْلِمُونَ

    Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?»,- де.

    11:14
  15. مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لَا يُبْخَسُونَ

    Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың ңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды.

    11:15
  16. أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ إِلَّا النَّارُ ۖ وَحَبِطَ مَا صَنَعُوا فِيهَا وَبَاطِلٌ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Соларға ақиретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа.

    11:16
  17. أَفَمَنْ كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّهِ وَيَتْلُوهُ شَاهِدٌ مِنْهُ وَمِنْ قَبْلِهِ كِتَابُ مُوسَىٰ إِمَامًا وَرَحْمَةً ۚ أُولَٰئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۚ وَمَنْ يَكْفُرْ بِهِ مِنَ الْأَحْزَابِ فَالنَّارُ مَوْعِدُهُ ۚ فَلَا تَكُ فِي مِرْيَةٍ مِنْهُ ۚ إِنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ

    Раббынан ашық бір дәлелі болған және оған жалғас куәсы да болған сондай-ақ бұрынғы жетекші әрі игілік түріндегі Мұса (Ғ.С.) ның Кітабына ие болған кісілер, міне солар, Құранға сенгендер. Әрқандай топтардан кім Құранға қарсы келсе онда оның уәделі орны от. (Мұхаммед Ғ.С.) сен де одан күдікте болма. Расында Құран, Раббың тарапынан бір хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.

    11:17
  18. وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا ۚ أُولَٰئِكَ يُعْرَضُونَ عَلَىٰ رَبِّهِمْ وَيَقُولُ الْأَشْهَادُ هَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَىٰ رَبِّهِمْ ۚ أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ

    Аллаға өтірік жала жапсырғаннан кім залымырақ. Міне бұлар, Раббыларының хұзырына шығарылады. Сондай-ақ айғақтары да: «Міне бұлар, Раббыларына өтірік айтқандар» дейді. Естеріңде болсын! Алланың қарғысы залымдарға тән.

    11:18
  19. الَّذِينَ يَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا وَهُمْ بِالْآخِرَةِ هُمْ كَافِرُونَ

    Олар сондай Алланың жолынан тосады да оны қисайтуға тырысады. Тағы олар ақиретке қарсы келушілер.

    11:19
  20. أُولَٰئِكَ لَمْ يَكُونُوا مُعْجِزِينَ فِي الْأَرْضِ وَمَا كَانَ لَهُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ أَوْلِيَاءَ ۘ يُضَاعَفُ لَهُمُ الْعَذَابُ ۚ مَا كَانُوا يَسْتَطِيعُونَ السَّمْعَ وَمَا كَانُوا يُبْصِرُونَ

    Бұлар жер жүзінде Алланы нашарлата алмайды. Әрі олардың Алладан өзге жәрдемшілері жоқ. Оларға азап еселеніп отырады. Өйткені, олар ести алмайды да көре алмайды.

    11:20

Аударма: Халифа Алтай