Сүре 111 әл-Мәсад (Пальма талшығы)

  1. تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ

    (Мұхаммед Ғ.С ағайындарын шақырып алып: дін жолын насихаттай бастағанда,Әбу Ләһеп: «Құрып ақ қал!Осыған шақырдың ба?» деп,таспен ұрмақшы болады.Және әйелі ҮмміЖамил,жолына тікен тастап қоятын еді.Б.М.К)Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын!Құрыды да.

    111:1
  2. مَا أَغْنَىٰ عَنْهُ مَالُهُ وَمَا كَسَبَ

    Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді.

    111:2
  3. سَيَصْلَىٰ نَارًا ذَاتَ لَهَبٍ

    Ол,жалындаған отқа кіреді.

    111:3
  4. وَامْرَأَتُهُ حَمَّالَةَ الْحَطَبِ

    Әйелі,отын көтеріп кіреді.

    111:4
  5. فِي جِيدِهَا حَبْلٌ مِنْ مَسَدٍ

    Оның мойнында есілген арқан болады.

    111:5

Аударма: Халифа Алтай