Мусыхаф, бет 603
-
قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ
(Құрайш кәрірлері: «Әй Мұхаммед! Бір жыл Аллаға,бір жыл бұтқа табынайық» десті. Б.Ж.М.Х.Т) (Мұхаммед Ғ.С) : «Ә» Кәпірлер!»
109:1 -
لَا أَعْبُدُ مَا تَعْبُدُونَ
«Сендердің табынғандарыңа табынбаймын;»
109:2 -
وَلَا أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ
«Әрі сендер де менің құлшышлық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар.»
109:3 -
وَلَا أَنَا عَابِدٌ مَا عَبَدْتُمْ
«Сірә мен седердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін»
109:4 -
وَلَا أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ
«Сондай ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма,құлшылық қылушы емессіңдер.»
109:5 -
لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ
«Сендердің діндерің өздеріңе менің дінім өзіме тән» де.
109:6 -
إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ
(Мұхаммед Ғ.С) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде;
110:1 -
وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِي دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجًا
Адамдарың,Алланың дініне топтобімен кіргенін көресің.
110:2 -
فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ ۚ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا
Енді Раббыңды мақтай дәріптеп,Одан жарылқау тіле.Негізінен Алла,тәубені өте қабыл етуші.
110:3 -
تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ
(Мұхаммед Ғ.С ағайындарын шақырып алып: дін жолын насихаттай бастағанда,Әбу Ләһеп: «Құрып ақ қал!Осыған шақырдың ба?» деп,таспен ұрмақшы болады.Және әйелі ҮмміЖамил,жолына тікен тастап қоятын еді.Б.М.К)Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын!Құрыды да.
111:1 -
مَا أَغْنَىٰ عَنْهُ مَالُهُ وَمَا كَسَبَ
Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді.
111:2 -
سَيَصْلَىٰ نَارًا ذَاتَ لَهَبٍ
Ол,жалындаған отқа кіреді.
111:3 -
وَامْرَأَتُهُ حَمَّالَةَ الْحَطَبِ
Әйелі,отын көтеріп кіреді.
111:4 -
فِي جِيدِهَا حَبْلٌ مِنْ مَسَدٍ
Оның мойнында есілген арқан болады.
111:5
Аударма: Халифа Алтай