Сүре 113 әл-Фәлақ (Таңсәрі)

  1. قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ

    (Мұхаммед Ғ.С): «Таңның Раббыға сиынамын,»

    113:1
  2. مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ

    «Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»

    113:2
  3. وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ

    «Қараңғылық басқан сәтте,түннің кесірінен,»

    113:3
  4. وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ

    «Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»

    113:4
  5. وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ

    «Күншілдердің кесірінен,ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.

    113:5

Аударма: Халифа Алтай