Мусыхаф, бет 604
-
قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ
(Мұхаммед Ғ.С оларға) айт: (Ол Алла,біреу ақ.
112:1 -
اللَّهُ الصَّمَدُ
Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұхтаз)
112:2 -
لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ
Ол,тумады да туылмады.
112:3 -
وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ
Әрі оған ешкім тең емес.
112:4 -
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ
(Мұхаммед Ғ.С): «Таңның Раббыға сиынамын,»
113:1 -
مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ
«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
113:2 -
وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ
«Қараңғылық басқан сәтте,түннің кесірінен,»
113:3 -
وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ
«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
113:4 -
وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ
«Күншілдердің кесірінен,ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.
113:5 -
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ
(Мұхаммед Ғ.С): «Адамдардың Раббына,»
114:1 -
مَلِكِ النَّاسِ
«Адамдардың иесіне,»
114:2 -
إِلَٰهِ النَّاسِ
«Адамдардың Тәңіріне,»
114:3 -
مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ
«Сыбырлап азғырушының кесірінен,»
114:4 -
الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ
«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»
114:5 -
مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ
«Мейлі жыннан,мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.
114:6
Аударма: Халифа Алтай