Сүре 20 Та һа, аят 65 – 69
-
قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِمَّا أَنْ تُلْقِيَ وَإِمَّا أَنْ نَكُونَ أَوَّلَ مَنْ أَلْقَىٰ
Олар: "Әй Мұса! Енді (асаңды) не сен таста немесе біз бұрын тастайық" деді.
20:65 -
قَالَ بَلْ أَلْقُوا ۖ فَإِذَا حِبَالُهُمْ وَعِصِيُّهُمْ يُخَيَّلُ إِلَيْهِ مِنْ سِحْرِهِمْ أَنَّهَا تَسْعَىٰ
(Мұса Ғ.С.): "Жоқ, сендер тастаңдар" деді. Сол сәтте, олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып сезілді.
20:66 -
فَأَوْجَسَ فِي نَفْسِهِ خِيفَةً مُوسَىٰ
Сондықтан Мұса (Ғ.С.) көңлінде бір қобалжу сезді.
20:67 -
قُلْنَا لَا تَخَفْ إِنَّكَ أَنْتَ الْأَعْلَىٰ
"Қорықпа! Сен үстем боласың" дедік.
20:68 -
وَأَلْقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلْقَفْ مَا صَنَعُوا ۖ إِنَّمَا صَنَعُوا كَيْدُ سَاحِرٍ ۖ وَلَا يُفْلِحُ السَّاحِرُ حَيْثُ أَتَىٰ
"Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да қүтылмайды" дедік.
20:69
Аударма: Халифа Алтай