Сүре 23 әл-Му'минун (Мүміндер)
-
وَإِنَّ لَكُمْ فِي الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً ۖ نُسْقِيكُمْ مِمَّا فِي بُطُونِهَا وَلَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (16-С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер.
23:21 -
وَعَلَيْهَا وَعَلَى الْفُلْكِ تُحْمَلُونَ
Мал және кеме менен тасымалданасыңдар.
23:22 -
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: "Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?" деді.
23:23 -
فَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُرِيدُ أَنْ يَتَفَضَّلَ عَلَيْكُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً مَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ
Онда елінің қарсы болған бастықтары: "Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік" деді.
23:24 -
إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ بِهِ جِنَّةٌ فَتَرَبَّصُوا بِهِ حَتَّىٰ حِينٍ
"Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар."
23:25 -
قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ
(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!",- деді.
23:26 -
فَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِ أَنِ اصْنَعِ الْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا فَإِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ ۙ فَاسْلُكْ فِيهَا مِنْ كُلٍّ زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَنْ سَبَقَ عَلَيْهِ الْقَوْلُ مِنْهُمْ ۖ وَلَا تُخَاطِبْنِي فِي الَّذِينَ ظَلَمُوا ۖ إِنَّهُمْ مُغْرَقُونَ
Сонда оған: "Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті" деп уахи еттік.
23:27 -
فَإِذَا اسْتَوَيْتَ أَنْتَ وَمَنْ مَعَكَ عَلَى الْفُلْكِ فَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي نَجَّانَا مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: "Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән" де.
23:28 -
وَقُلْ رَبِّ أَنْزِلْنِي مُنْزَلًا مُبَارَكًا وَأَنْتَ خَيْرُ الْمُنْزِلِينَ
"Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың" де.
23:29 -
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ وَإِنْ كُنَّا لَمُبْتَلِينَ
Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз.
23:30 -
ثُمَّ أَنْشَأْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ قَرْنًا آخَرِينَ
Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (7-С.69-А.)
23:31 -
فَأَرْسَلْنَا فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Оларға өздерінен жіберген елшіміз: "Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- (деді.)
23:32 -
وَقَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِهِ الَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِلِقَاءِ الْآخِرَةِ وَأَتْرَفْنَاهُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يَأْكُلُ مِمَّا تَأْكُلُونَ مِنْهُ وَيَشْرَبُ مِمَّا تَشْرَبُونَ
Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл өздерің құсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді" деді.
23:33 -
وَلَئِنْ أَطَعْتُمْ بَشَرًا مِثْلَكُمْ إِنَّكُمْ إِذًا لَخَاسِرُونَ
"Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар."
23:34 -
أَيَعِدُكُمْ أَنَّكُمْ إِذَا مِتُّمْ وَكُنْتُمْ تُرَابًا وَعِظَامًا أَنَّكُمْ مُخْرَجُونَ
"Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шын тіріліп, шығатындарыңды ескерте ме?"
23:35 -
هَيْهَاتَ هَيْهَاتَ لِمَا تُوعَدُونَ
"Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ!"
23:36 -
إِنْ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا نَمُوتُ وَنَحْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ
"Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз."
23:37 -
إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا وَمَا نَحْنُ لَهُ بِمُؤْمِنِينَ
"Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз."
23:38 -
قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ
(Һүд Ғ.С.): "Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы, нұсрат бер!",- деді.
23:39 -
قَالَ عَمَّا قَلِيلٍ لَيُصْبِحُنَّ نَادِمِينَ
(Алла): "Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке үшырайды" деді.
23:40
Аударма: Халифа Алтай