Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар), аят 1 – 9
-
طسم
Ұғымын Алла біледі.
26:1 -
تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ
Бұл айқын Құранның аяттары.
26:2 -
لَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَفْسَكَ أَلَّا يَكُونُوا مُؤْمِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың.
26:3 -
إِنْ نَشَأْ نُنَزِّلْ عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ آيَةً فَظَلَّتْ أَعْنَاقُهُمْ لَهَا خَاضِعِينَ
Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді.
26:4 -
وَمَا يَأْتِيهِمْ مِنْ ذِكْرٍ مِنَ الرَّحْمَٰنِ مُحْدَثٍ إِلَّا كَانُوا عَنْهُ مُعْرِضِينَ
Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады.
26:5 -
فَقَدْ كَذَّبُوا فَسَيَأْتِيهِمْ أَنْبَاءُ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады.
26:6 -
أَوَلَمْ يَرَوْا إِلَى الْأَرْضِ كَمْ أَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ
Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік.
26:7 -
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ
Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес.
26:8 -
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.
26:9
Аударма: Халифа Алтай