Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)

  1. طسم

    Ұғымын Алла біледі.

    26:1
  2. تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ

    Бұл айқын Құранның аяттары.

    26:2
  3. لَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَفْسَكَ أَلَّا يَكُونُوا مُؤْمِنِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың.

    26:3
  4. إِنْ نَشَأْ نُنَزِّلْ عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ آيَةً فَظَلَّتْ أَعْنَاقُهُمْ لَهَا خَاضِعِينَ

    Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді.

    26:4
  5. وَمَا يَأْتِيهِمْ مِنْ ذِكْرٍ مِنَ الرَّحْمَٰنِ مُحْدَثٍ إِلَّا كَانُوا عَنْهُ مُعْرِضِينَ

    Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады.

    26:5
  6. فَقَدْ كَذَّبُوا فَسَيَأْتِيهِمْ أَنْبَاءُ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ

    Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады.

    26:6
  7. أَوَلَمْ يَرَوْا إِلَى الْأَرْضِ كَمْ أَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ

    Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік.

    26:7
  8. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ

    Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес.

    26:8
  9. وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.

    26:9
  10. وَإِذْ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰ أَنِ ائْتِ الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ

    Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: "Залым елге бар" деп, үндеді:

    26:10
  11. قَوْمَ فِرْعَوْنَ ۚ أَلَا يَتَّقُونَ

    "Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?"

    26:11
  12. قَالَ رَبِّ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يُكَذِّبُونِ

    (Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді.

    26:12
  13. وَيَضِيقُ صَدْرِي وَلَا يَنْطَلِقُ لِسَانِي فَأَرْسِلْ إِلَىٰ هَارُونَ

    "Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер!"

    26:13
  14. وَلَهُمْ عَلَيَّ ذَنْبٌ فَأَخَافُ أَنْ يَقْتُلُونِ

    "Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын!"

    26:14
  15. قَالَ كَلَّا ۖ فَاذْهَبَا بِآيَاتِنَا ۖ إِنَّا مَعَكُمْ مُسْتَمِعُونَ

    (Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді.

    26:15
  16. فَأْتِيَا فِرْعَوْنَ فَقُولَا إِنَّا رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    "Дереу екеуің Перғауынға баршы: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз;"

    26:16
  17. أَنْ أَرْسِلْ مَعَنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ

    "Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!",- (деңдер-деді.)

    26:17
  18. قَالَ أَلَمْ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدًا وَلَبِثْتَ فِينَا مِنْ عُمُرِكَ سِنِينَ

    Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба?"

    26:18
  19. وَفَعَلْتَ فَعْلَتَكَ الَّتِي فَعَلْتَ وَأَنْتَ مِنَ الْكَافِرِينَ

    "Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің" деді.

    26:19
  20. قَالَ فَعَلْتُهَا إِذًا وَأَنَا مِنَ الضَّالِّينَ

    (Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім" деді.

    26:20

Аударма: Халифа Алтай