Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар), аят 176 – 190

  1. كَذَّبَ أَصْحَابُ الْأَيْكَةِ الْمُرْسَلِينَ

    Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды.

    26:176
  2. إِذْ قَالَ لَهُمْ شُعَيْبٌ أَلَا تَتَّقُونَ

    Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.

    26:177
  3. إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ

    "Рас мен сендерге сенімді бір елшімін."

    26:178
  4. فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ

    "Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар."

    26:179
  5. وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    "Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."

    26:180
  6. أَوْفُوا الْكَيْلَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُخْسِرِينَ

    "Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар."

    26:181
  7. وَزِنُوا بِالْقِسْطَاسِ الْمُسْتَقِيمِ

    "Тура таразымен тартыңдар."

    26:182
  8. وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

    "Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер."

    26:183
  9. وَاتَّقُوا الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالْجِبِلَّةَ الْأَوَّلِينَ

    "Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар."

    26:184
  10. قَالُوا إِنَّمَا أَنْتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ

    Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді.

    26:185
  11. وَمَا أَنْتَ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا وَإِنْ نَظُنُّكَ لَمِنَ الْكَاذِبِينَ

    "Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз."

    26:186
  12. فَأَسْقِطْ عَلَيْنَا كِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

    "Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір."

    26:187
  13. قَالَ رَبِّي أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ

    (Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі."

    26:188
  14. فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمْ عَذَابُ يَوْمِ الظُّلَّةِ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ

    Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді.

    26:189
  15. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ

    Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.

    26:190

Аударма: Халифа Алтай