Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар), аят 60 – 66
-
فَأَتْبَعُوهُمْ مُشْرِقِينَ
Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды.
26:60 -
فَلَمَّا تَرَاءَى الْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَابُ مُوسَىٰ إِنَّا لَمُدْرَكُونَ
Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді.
26:61 -
قَالَ كَلَّا ۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهْدِينِ
(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді.
26:62 -
فَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنِ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْبَحْرَ ۖ فَانْفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقٍ كَالطَّوْدِ الْعَظِيمِ
Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды.
26:63 -
وَأَزْلَفْنَا ثَمَّ الْآخَرِينَ
Артқыларды да сол жерге жақындаттық.
26:64 -
وَأَنْجَيْنَا مُوسَىٰ وَمَنْ مَعَهُ أَجْمَعِينَ
Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық.
26:65 -
ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ
Сосын басқаларды суға батырдық
26:66
Аударма: Халифа Алтай