Сүре 36 Йа Син

  1. اتَّبِعُوا مَنْ لَا يَسْأَلُكُمْ أَجْرًا وَهُمْ مُهْتَدُونَ

    "Сендерден ақы сүрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда."

    36:21
  2. وَمَا لِيَ لَا أَعْبُدُ الَّذِي فَطَرَنِي وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

    "Өзімді жаратқанга неге қүлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар."

    36:22
  3. أَأَتَّخِذُ مِنْ دُونِهِ آلِهَةً إِنْ يُرِدْنِ الرَّحْمَٰنُ بِضُرٍّ لَا تُغْنِ عَنِّي شَفَاعَتُهُمْ شَيْئًا وَلَا يُنْقِذُونِ

    "Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мтбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені қүтқара алмайды."

    36:23
  4. إِنِّي إِذًا لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ

    "Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын."

    36:24
  5. إِنِّي آمَنْتُ بِرَبِّكُمْ فَاسْمَعُونِ

    "Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған қүлақ салыңдар" (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді. Б.Ж.К.М.Р.)

    36:25
  6. قِيلَ ادْخُلِ الْجَنَّةَ ۖ قَالَ يَا لَيْتَ قَوْمِي يَعْلَمُونَ

    "Жаннатқа кір" делінді де ол: "Әттең! Елім білген болса еді;"

    36:26
  7. بِمَا غَفَرَ لِي رَبِّي وَجَعَلَنِي مِنَ الْمُكْرَمِينَ

    "Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін" деді.

    36:27
  8. وَمَا أَنْزَلْنَا عَلَىٰ قَوْمِهِ مِنْ بَعْدِهِ مِنْ جُنْدٍ مِنَ السَّمَاءِ وَمَا كُنَّا مُنْزِلِينَ

    Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз.

    36:28
  9. إِنْ كَانَتْ إِلَّا صَيْحَةً وَاحِدَةً فَإِذَا هُمْ خَامِدُونَ

    Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды.

    36:29
  10. يَا حَسْرَةً عَلَى الْعِبَادِ ۚ مَا يَأْتِيهِمْ مِنْ رَسُولٍ إِلَّا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ

    Өздеріне келген елшіні үдайы мазақ қылған қглдарга нендей өкініш!

    36:30
  11. أَلَمْ يَرَوْا كَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنَ الْقُرُونِ أَنَّهُمْ إِلَيْهِمْ لَا يَرْجِعُونَ

    Олардан бүрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме?

    36:31
  12. وَإِنْ كُلٌّ لَمَّا جَمِيعٌ لَدَيْنَا مُحْضَرُونَ

    Біртүтас барлығы алдымшга жиналады.

    36:32
  13. وَآيَةٌ لَهُمُ الْأَرْضُ الْمَيْتَةُ أَحْيَيْنَاهَا وَأَخْرَجْنَا مِنْهَا حَبًّا فَمِنْهُ يَأْكُلُونَ

    Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді.

    36:33
  14. وَجَعَلْنَا فِيهَا جَنَّاتٍ مِنْ نَخِيلٍ وَأَعْنَابٍ وَفَجَّرْنَا فِيهَا مِنَ الْعُيُونِ

    Сондай-ақ онда қүрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық.

    36:34
  15. لِيَأْكُلُوا مِنْ ثَمَرِهِ وَمَا عَمِلَتْهُ أَيْدِيهِمْ ۖ أَفَلَا يَشْكُرُونَ

    Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма?

    36:35
  16. سُبْحَانَ الَّذِي خَلَقَ الْأَزْوَاجَ كُلَّهَا مِمَّا تُنْبِتُ الْأَرْضُ وَمِنْ أَنْفُسِهِمْ وَمِمَّا لَا يَعْلَمُونَ

    Сондай пәк Алла, барльіқ нәрсені жүп-жүбімен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын.

    36:36
  17. وَآيَةٌ لَهُمُ اللَّيْلُ نَسْلَخُ مِنْهُ النَّهَارَ فَإِذَا هُمْ مُظْلِمُونَ

    Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Соида олар, қараңғылықта қалады.

    36:37
  18. وَالشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرٍّ لَهَا ۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ

    Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі.

    36:38
  19. وَالْقَمَرَ قَدَّرْنَاهُ مَنَازِلَ حَتَّىٰ عَادَ كَالْعُرْجُونِ الْقَدِيمِ

    Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі қүрманың қураган бүтағындай болғанға дейін.

    36:39
  20. لَا الشَّمْسُ يَنْبَغِي لَهَا أَنْ تُدْرِكَ الْقَمَرَ وَلَا اللَّيْلُ سَابِقُ النَّهَارِ ۚ وَكُلٌّ فِي فَلَكٍ يَسْبَحُونَ

    Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді

    36:40

Аударма: Халифа Алтай