Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы)

  1. إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ النَّبِيِّينَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَيَقْتُلُونَ الَّذِينَ يَأْمُرُونَ بِالْقِسْطِ مِنَ النَّاسِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ

    Алланың аяттарына қарсы келгендер және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты әмір еткендерді өлтіргендер, соларды күйзелтуші ғазаппен шүйіншіле.

    3:21
  2. أُولَٰئِكَ الَّذِينَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ

    Міне солар дүниеде де ақиретте де ғамалдары жойылғандар. Сондай-ақ олар үшін жәрдемші жоқ.

    3:22
  3. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُدْعَوْنَ إِلَىٰ كِتَابِ اللَّهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ يَتَوَلَّىٰ فَرِيقٌ مِنْهُمْ وَهُمْ مُعْرِضُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сондай кітаптардан үлес берілгендердің араларына үкім беру үшін Алланың Кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Соңсоң олардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай- ақ олар ұдайы бет бұрушы.

    3:23
  4. ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا لَنْ تَمَسَّنَا النَّارُ إِلَّا أَيَّامًا مَعْدُودَاتٍ ۖ وَغَرَّهُمْ فِي دِينِهِمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ

    Бұл олардың: «Бізге тозақ оты, санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нәрселері оларды алдады.

    3:24
  5. فَكَيْفَ إِذَا جَمَعْنَاهُمْ لِيَوْمٍ لَا رَيْبَ فِيهِ وَوُفِّيَتْ كُلُّ نَفْسٍ مَا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

    Болуы шәксіз күнде жинағанымызда сондай-ақ әркімге әділетсіздік етілмей еңбектері толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?….

    3:25
  6. قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَنْ تَشَاءُ وَتَنْزِعُ الْمُلْكَ مِمَّنْ تَشَاءُ وَتُعِزُّ مَنْ تَشَاءُ وَتُذِلُّ مَنْ تَشَاءُ ۖ بِيَدِكَ الْخَيْرُ ۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт.

    3:26
  7. تُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَتُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ ۖ وَتُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَتُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ ۖ وَتَرْزُقُ مَنْ تَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ

    Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің…..

    3:27
  8. لَا يَتَّخِذِ الْمُؤْمِنُونَ الْكَافِرِينَ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَلَيْسَ مِنَ اللَّهِ فِي شَيْءٍ إِلَّا أَنْ تَتَّقُوا مِنْهُمْ تُقَاةً ۗ وَيُحَذِّرُكُمُ اللَّهُ نَفْسَهُ ۗ وَإِلَى اللَّهِ الْمَصِيرُ

    Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ.

    3:28
  9. قُلْ إِنْ تُخْفُوا مَا فِي صُدُورِكُمْ أَوْ تُبْدُوهُ يَعْلَمْهُ اللَّهُ ۗ وَيَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да жирияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» де.

    3:29
  10. يَوْمَ تَجِدُ كُلُّ نَفْسٍ مَا عَمِلَتْ مِنْ خَيْرٍ مُحْضَرًا وَمَا عَمِلَتْ مِنْ سُوءٍ تَوَدُّ لَوْ أَنَّ بَيْنَهَا وَبَيْنَهُ أَمَدًا بَعِيدًا ۗ وَيُحَذِّرُكُمُ اللَّهُ نَفْسَهُ ۗ وَاللَّهُ رَءُوفٌ بِالْعِبَادِ

    Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Алла сендерді өзі сақсындырады. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ.

    3:30
  11. قُلْ إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де.

    3:31
  12. قُلْ أَطِيعُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ ۖ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْكَافِرِينَ

    Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді.

    3:32
  13. إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ آدَمَ وَنُوحًا وَآلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ عَلَى الْعَالَمِينَ

    Негізінен Алла (Т.) Адам мен Нұх (Ғ.С.) ты және Ыбырайым (Ғ.С.) мен Ғымранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды.

    3:33
  14. ذُرِّيَّةً بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

    (Бұлар) бір- бірінен тараған ұрпақ. Алла әр нәрсені естуші, білуші.

    3:34
  15. إِذْ قَالَتِ امْرَأَتُ عِمْرَانَ رَبِّ إِنِّي نَذَرْتُ لَكَ مَا فِي بَطْنِي مُحَرَّرًا فَتَقَبَّلْ مِنِّي ۖ إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ

    Ғымранның жұбайы (фақуза қызы Ханна): «Раббым! Ішімдегіні азат қылған түрде Саған арнадым, менен қабыл айла! Расында Сен өзің аса естуші, білушісің» деді.

    3:35
  16. فَلَمَّا وَضَعَتْهَا قَالَتْ رَبِّ إِنِّي وَضَعْتُهَا أُنْثَىٰ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا وَضَعَتْ وَلَيْسَ الذَّكَرُ كَالْأُنْثَىٰ ۖ وَإِنِّي سَمَّيْتُهَا مَرْيَمَ وَإِنِّي أُعِيذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ

    Сонда ол, қыз тапқан сәтте: «Раббым! Шынында мен қыз таптым» деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл, қыздай емес. «Мен оның атын Мәрйем қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын» деді.

    3:36
  17. فَتَقَبَّلَهَا رَبُّهَا بِقَبُولٍ حَسَنٍ وَأَنْبَتَهَا نَبَاتًا حَسَنًا وَكَفَّلَهَا زَكَرِيَّا ۖ كُلَّمَا دَخَلَ عَلَيْهَا زَكَرِيَّا الْمِحْرَابَ وَجَدَ عِنْدَهَا رِزْقًا ۖ قَالَ يَا مَرْيَمُ أَنَّىٰ لَكِ هَٰذَا ۖ قَالَتْ هُوَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۖ إِنَّ اللَّهَ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ

    Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірді және оған Зәкерияны (Ғ.С.) ие қылды. Зәкерия оның хұжырасына әр кіргенде оның қасында көрек тапты. «Әй Мәрйем! Осы саған қайдан келді?»,- деді. Мәрйем: «Ол Алланың қасынан, шәксіз Алла қалаған құлын есепсіз ризыктандырады» деді.

    3:37
  18. هُنَالِكَ دَعَا زَكَرِيَّا رَبَّهُ ۖ قَالَ رَبِّ هَبْ لِي مِنْ لَدُنْكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً ۖ إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاءِ

    Сол арада Зәкерия (Ғ.С.) Раббына жалбарынды: «Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шәксіз Сен тілекті естушісін» деді.

    3:38
  19. فَنَادَتْهُ الْمَلَائِكَةُ وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّي فِي الْمِحْرَابِ أَنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكَ بِيَحْيَىٰ مُصَدِّقًا بِكَلِمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَسَيِّدًا وَحَصُورًا وَنَبِيًّا مِنَ الصَّالِحِينَ

    зәкерия (Ғ.С.) хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: «Расында Алла (Т.) саған, Алладан болған әмірді (Ғиса Ғ.С.ды) растаушы, ел ағасы, нәпсіне ие, игілерден бір Пайғамбар болатын Яхьямен қуанышқа бөлейді» деп дауыстады.

    3:39
  20. قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَامٌ وَقَدْ بَلَغَنِيَ الْكِبَرُ وَامْرَأَتِي عَاقِرٌ ۖ قَالَ كَذَٰلِكَ اللَّهُ يَفْعَلُ مَا يَشَاءُ

    (Зәкерия Ғ.С.): «Раббым! Менің ұлым қалайша болады? Негізінен өзіме кәрілік жетті. Әйелім бедеу» деді. «осылайша Алла қалағанын істейді» (делінген жауап алды.)

    3:40

Аударма: Халифа Алтай