Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы)

  1. وَلِيُمَحِّصَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَيَمْحَقَ الْكَافِرِينَ

    Сонымен қатар мүміндерді тазарту және кәпірлерді жою үшін.

    3:141
  2. أَمْ حَسِبْتُمْ أَنْ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ وَلَمَّا يَعْلَمِ اللَّهُ الَّذِينَ جَاهَدُوا مِنْكُمْ وَيَعْلَمَ الصَّابِرِينَ

    Әйтпесе, сендерден соғысқандарды анықтап, сабырлыларды ашаламай, жәннәтке кіріп кетеміз деп ойлайсыңдар ма?

    3:142
  3. وَلَقَدْ كُنْتُمْ تَمَنَّوْنَ الْمَوْتَ مِنْ قَبْلِ أَنْ تَلْقَوْهُ فَقَدْ رَأَيْتُمُوهُ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ

    Расында сендер өлімге кездесуден бұрын оны тілеуші едіңдер. Ал енді оны көрдіңдер де, қарап тұрсыңдар. (Ұхыт соғысында «Мұхаммед Ғ.С. өлтірілді» деген хабар тарап, Мұсылмандар абыржып қалды)

    3:143
  4. وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ ۚ أَفَإِنْ مَاتَ أَوْ قُتِلَ انْقَلَبْتُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ ۚ وَمَنْ يَنْقَلِبْ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ فَلَنْ يَضُرَّ اللَّهَ شَيْئًا ۗ وَسَيَجْزِي اللَّهُ الشَّاكِرِينَ

    Мұхаммед (Ғ.С.) бір елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Алла, шүкір етушілерді сыйлайды.

    3:144
  5. وَمَا كَانَ لِنَفْسٍ أَنْ تَمُوتَ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ كِتَابًا مُؤَجَّلًا ۗ وَمَنْ يُرِدْ ثَوَابَ الدُّنْيَا نُؤْتِهِ مِنْهَا وَمَنْ يُرِدْ ثَوَابَ الْآخِرَةِ نُؤْتِهِ مِنْهَا ۚ وَسَنَجْزِي الشَّاكِرِينَ

    Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ахирет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік етушілерді сыйлаймыз.

    3:145
  6. وَكَأَيِّنْ مِنْ نَبِيٍّ قَاتَلَ مَعَهُ رِبِّيُّونَ كَثِيرٌ فَمَا وَهَنُوا لِمَا أَصَابَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَمَا ضَعُفُوا وَمَا اسْتَكَانُوا ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الصَّابِرِينَ

    Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады. Сондай-ақ именбеді. Алла қажырыларды жақсы көреді.

    3:146
  7. وَمَا كَانَ قَوْلَهُمْ إِلَّا أَنْ قَالُوا رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِي أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ

    Ал олардың сөздері: «раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыздықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»,- деу ғана еді.

    3:147
  8. فَآتَاهُمُ اللَّهُ ثَوَابَ الدُّنْيَا وَحُسْنَ ثَوَابِ الْآخِرَةِ ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ

    Сондықтан Алла (Т.) оларға дүние пайдасын беріп, ахирет пайдасының ең көркеміне бөледі. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді.

    3:148
  9. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تُطِيعُوا الَّذِينَ كَفَرُوا يَرُدُّوكُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ

    Әй мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Сонда зиян етушілерге айналасыңдар.

    3:149
  10. بَلِ اللَّهُ مَوْلَاكُمْ ۖ وَهُوَ خَيْرُ النَّاصِرِينَ

    Әрине иелерің Алла, Ол нұсрат берушілердің жақсысы.

    3:150
  11. سَنُلْقِي فِي قُلُوبِ الَّذِينَ كَفَرُوا الرُّعْبَ بِمَا أَشْرَكُوا بِاللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ سُلْطَانًا ۖ وَمَأْوَاهُمُ النَّارُ ۚ وَبِئْسَ مَثْوَى الظَّالِمِينَ

    Ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосулары себепті кәпірлердің жүректеріне қорқу саламыз. Сондай-ақ олардың орындары от. Залымдардың орны нендей жаман! (Мұхаммед Ғ.С.Ұхыт соғысында бір топ адамды арт жақтағы бір кезеңге қойып: «Бұл арадан әсте айрылмаңдар!»,- деген болса да, олар жау жеңілді деп ойлап, араласып кетіп, бір неше кісімен бастықтың ғана қалғанын сезген жау, оларды типыл қылып, арт жақты қоршап кеткендіктен Мұсылмандар қатты абыржып, шақыруға қарамай қаша бастайды.)

    3:151
  12. وَلَقَدْ صَدَقَكُمُ اللَّهُ وَعْدَهُ إِذْ تَحُسُّونَهُمْ بِإِذْنِهِ ۖ حَتَّىٰ إِذَا فَشِلْتُمْ وَتَنَازَعْتُمْ فِي الْأَمْرِ وَعَصَيْتُمْ مِنْ بَعْدِ مَا أَرَاكُمْ مَا تُحِبُّونَ ۚ مِنْكُمْ مَنْ يُرِيدُ الدُّنْيَا وَمِنْكُمْ مَنْ يُرِيدُ الْآخِرَةَ ۚ ثُمَّ صَرَفَكُمْ عَنْهُمْ لِيَبْتَلِيَكُمْ ۖ وَلَقَدْ عَفَا عَنْكُمْ ۗ وَاللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ

    Расында Алла, сендерге дегенуәдесін шындыққа айналдырып, Оның бұйрығымен оларды өлтіре бастадыңдар. Дегенмен Алла өздеріңе сүйген нәрселеріңді көрсеткеннен кейін, осалдық қылып, берілген әмір жайында таластыңдар да қарсы келдіңдер. Сендерден біреулер дүниені қалайды да біреулер ахиретті қалайды. Сонсоң Алла сендерді сынау үшін олардан беттеріңді қайтарды да онымен қатар кешірім етті. Алла мүміндерге кеңшілік иесі.

    3:152
  13. إِذْ تُصْعِدُونَ وَلَا تَلْوُونَ عَلَىٰ أَحَدٍ وَالرَّسُولُ يَدْعُوكُمْ فِي أُخْرَاكُمْ فَأَثَابَكُمْ غَمًّا بِغَمٍّ لِكَيْلَا تَحْزَنُوا عَلَىٰ مَا فَاتَكُمْ وَلَا مَا أَصَابَكُمْ ۗ وَاللَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ

    Сол уақытта Пайғамбар артарыңнан шақырса да ешкімге қайрылмай ұзап бара жаттыңдар. Алла, сендерді қолдарыңнан кеткенге де бастарыңа келгенге де кейімеулерің үшін қайғыға ұшыратты. Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі.

    3:153
  14. ثُمَّ أَنْزَلَ عَلَيْكُمْ مِنْ بَعْدِ الْغَمِّ أَمَنَةً نُعَاسًا يَغْشَىٰ طَائِفَةً مِنْكُمْ ۖ وَطَائِفَةٌ قَدْ أَهَمَّتْهُمْ أَنْفُسُهُمْ يَظُنُّونَ بِاللَّهِ غَيْرَ الْحَقِّ ظَنَّ الْجَاهِلِيَّةِ ۖ يَقُولُونَ هَلْ لَنَا مِنَ الْأَمْرِ مِنْ شَيْءٍ ۗ قُلْ إِنَّ الْأَمْرَ كُلَّهُ لِلَّهِ ۗ يُخْفُونَ فِي أَنْفُسِهِمْ مَا لَا يُبْدُونَ لَكَ ۖ يَقُولُونَ لَوْ كَانَ لَنَا مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ مَا قُتِلْنَا هَاهُنَا ۗ قُلْ لَوْ كُنْتُمْ فِي بُيُوتِكُمْ لَبَرَزَ الَّذِينَ كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقَتْلُ إِلَىٰ مَضَاجِعِهِمْ ۖ وَلِيَبْتَلِيَ اللَّهُ مَا فِي صُدُورِكُمْ وَلِيُمَحِّصَ مَا فِي قُلُوبِكُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ

    Сонсоң (Алла) сендерге қайғыдан кейін тыныштық ұйқысың жіберді де сендердің бір бөлімдеріңді баурап алды. Және бір топтың, жандары қайғы болып, олар аллаға орынсыз надандық ой ойлады. Олар: «Бұл істе бізде не ерік бар?»,- десті. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «барлық !с Алланың еркінде» деп айт. Ал олар іштеріңде жасырған нәрселерін саған әшкерелемейді. Тағы олар: «Іс біздің еркімізде болса еді, осы жерде өлтіррррілмес едік» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да өлтірілуі жазылғандар, әрине өлтірілетін жерлерінде болар еді» деп айт. Алла көкіректеріңдегіні сынау және жүректеріңдегіні тазарту үшін өстіді. Сондай-ақ Алла көкейлеріндегіні толық білуші.

    3:154
  15. إِنَّ الَّذِينَ تَوَلَّوْا مِنْكُمْ يَوْمَ الْتَقَى الْجَمْعَانِ إِنَّمَا اسْتَزَلَّهُمُ الشَّيْطَانُ بِبَعْضِ مَا كَسَبُوا ۖ وَلَقَدْ عَفَا اللَّهُ عَنْهُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ حَلِيمٌ

    шын мәнінде (Ұхыт соғысы күні) екі топ кездескен сәтте, сендерден бет бұрғандарды кейбір қылықтарының салдарынан шайтан мүлде тайдыра жаздады. Расында Алла оларды кешірім етті. Шәксіз, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    3:155
  16. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ كَفَرُوا وَقَالُوا لِإِخْوَانِهِمْ إِذَا ضَرَبُوا فِي الْأَرْضِ أَوْ كَانُوا غُزًّى لَوْ كَانُوا عِنْدَنَا مَا مَاتُوا وَمَا قُتِلُوا لِيَجْعَلَ اللَّهُ ذَٰلِكَ حَسْرَةً فِي قُلُوبِهِمْ ۗ وَاللَّهُ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ

    Әй мүміндер! Кәпірлер сияқты болмаңдар! Олар жер жүзінде кезіп жүрген немесе соғыста болған туыстары үшін: «Егер олар жанымызда болса еді, өлмес те өлтірмес те еді» деді. Алла бұны олардың жүректеріңе қасірет қылу үшін өстіді. Алла тірілтеді де, өлтіреді. Сондай-ақ Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.

    3:156
  17. وَلَئِنْ قُتِلْتُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ مُتُّمْ لَمَغْفِرَةٌ مِنَ اللَّهِ وَرَحْمَةٌ خَيْرٌ مِمَّا يَجْمَعُونَ

    Егер Алла жолында өлтірілсеңдер немесе өлсеңдер, әрине Алланың жарылқауы әрі мәрхаметі олардың барлық жиған- тергендерінен жақсы.

    3:157
  18. وَلَئِنْ مُتُّمْ أَوْ قُتِلْتُمْ لَإِلَى اللَّهِ تُحْشَرُونَ

    Егер өлсеңдер не өлтірілсеңдер де әрине Алланың алдына жиналасыңдар.

    3:158
  19. فَبِمَا رَحْمَةٍ مِنَ اللَّهِ لِنْتَ لَهُمْ ۖ وَلَوْ كُنْتَ فَظًّا غَلِيظَ الْقَلْبِ لَانْفَضُّوا مِنْ حَوْلِكَ ۖ فَاعْفُ عَنْهُمْ وَاسْتَغْفِرْ لَهُمْ وَشَاوِرْهُمْ فِي الْأَمْرِ ۖ فَإِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَوَكِّلِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәукел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді.

    3:159
  20. إِنْ يَنْصُرْكُمُ اللَّهُ فَلَا غَالِبَ لَكُمْ ۖ وَإِنْ يَخْذُلْكُمْ فَمَنْ ذَا الَّذِي يَنْصُرُكُمْ مِنْ بَعْدِهِ ۗ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ

    Егер Алла сендерге нұсрат берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Алла сендерді тастаса, (жәрдем қылмаса,) одан кейін сендерге кім жәрдем етеді? Сондай-ақ мүміндер Аллаға тәуекел етсін. (Рауаят бойынша олжаны ойлап, Ұхыт соғысында қарауылды тастап кеткендерге ескерту.)

    3:160

Аударма: Халифа Алтай