Сүре 56 әл-Уақи'а (Болуы сөзсіз), аят 11 – 38
-
أُولَٰئِكَ الْمُقَرَّبُونَ
Міне солар, Аллаға жақын болғандар.
56:11 -
فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Үжмақта нығметке бөленеді;
56:12 -
ثُلَّةٌ مِنَ الْأَوَّلِينَ
Бүрынгылардан көбірек.
56:13 -
وَقَلِيلٌ مِنَ الْآخِرِينَ
Соңғылардан азырақ.
56:14 -
عَلَىٰ سُرُرٍ مَوْضُونَةٍ
Безенген тақтар үстінде.
56:15 -
مُتَّكِئِينَ عَلَيْهَا مُتَقَابِلِينَ
Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.
56:16 -
يَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُخَلَّدُونَ
Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;
56:17 -
بِأَكْوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأْسٍ مِنْ مَعِينٍ
Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, қүмандар және кәселерменен.
56:18 -
لَا يُصَدَّعُونَ عَنْهَا وَلَا يُنْزِفُونَ
Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды.
56:19 -
وَفَاكِهَةٍ مِمَّا يَتَخَيَّرُونَ
Қалаған жемістері бар.
56:20 -
وَلَحْمِ طَيْرٍ مِمَّا يَشْتَهُونَ
Көңілдері соққан қүс еті бар.
56:21 -
وَحُورٌ عِينٌ
Бота көз хүрлар бар.
56:22 -
كَأَمْثَالِ اللُّؤْلُؤِ الْمَكْنُونِ
Сақтаулы інжу сияқты.
56:23 -
جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
БҮЛ істеген ғамалдарының сыйлығы.
56:24 -
لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا وَلَا تَأْثِيمًا
Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді.
56:25 -
إِلَّا قِيلًا سَلَامًا سَلَامًا
Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді.
56:26 -
وَأَصْحَابُ الْيَمِينِ مَا أَصْحَابُ الْيَمِينِ
Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты.
56:27 -
فِي سِدْرٍ مَخْضُودٍ
Олар тікенсіз сидыр (ағаштары);
56:28 -
وَطَلْحٍ مَنْضُودٍ
Жемістері үсті-тстіне шоғырланған мүз (банан) ағаштарының,
56:29 -
وَظِلٍّ مَمْدُودٍ
Созылған көлеңкенің астында болады.
56:30 -
وَمَاءٍ مَسْكُوبٍ
Сарқырап аққан су бар.
56:31 -
وَفَاكِهَةٍ كَثِيرَةٍ
Мол жеміс бар;
56:32 -
لَا مَقْطُوعَةٍ وَلَا مَمْنُوعَةٍ
Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын,
56:33 -
وَفُرُشٍ مَرْفُوعَةٍ
Биік төсектерде болады.
56:34 -
إِنَّا أَنْشَأْنَاهُنَّ إِنْشَاءً
Расында хүр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б.)
56:35 -
فَجَعَلْنَاهُنَّ أَبْكَارًا
Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз.
56:36 -
عُرُبًا أَتْرَابًا
Күйеуін сүйгіш қүрдас болады.
56:37 -
لِأَصْحَابِ الْيَمِينِ
БҮЛ айтылғандар, оңшылдар үшін болады.
56:38
Аударма: Халифа Алтай