Сүре 56 әл-Уақи'а (Болуы сөзсіз)

  1. إِذَا وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ

    Қиямет уақиғасы болған кезде,

    56:1
  2. لَيْسَ لِوَقْعَتِهَا كَاذِبَةٌ

    Оның болуын өтірік деуші болмас.

    56:2
  3. خَافِضَةٌ رَافِعَةٌ

    (Ол) төмендетеді, жоғарлатады.

    56:3
  4. إِذَا رُجَّتِ الْأَرْضُ رَجًّا

    Сол уақытта жер түтас сілкіндіріледі.

    56:4
  5. وَبُسَّتِ الْجِبَالُ بَسًّا

    Таулар мтлде үгітіледі.

    56:5
  6. فَكَانَتْ هَبَاءً مُنْبَثًّا

    Үшқан тозаңдай болады.

    56:6
  7. وَكُنْتُمْ أَزْوَاجًا ثَلَاثَةً

    Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер;

    56:7
  8. فَأَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ

    (Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар.

    56:8
  9. وَأَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ

    (Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар.

    56:9
  10. وَالسَّابِقُونَ السَّابِقُونَ

    Озаттар алдынғы қатарда болады.

    56:10
  11. أُولَٰئِكَ الْمُقَرَّبُونَ

    Міне солар, Аллаға жақын болғандар.

    56:11
  12. فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ

    Үжмақта нығметке бөленеді;

    56:12
  13. ثُلَّةٌ مِنَ الْأَوَّلِينَ

    Бүрынгылардан көбірек.

    56:13
  14. وَقَلِيلٌ مِنَ الْآخِرِينَ

    Соңғылардан азырақ.

    56:14
  15. عَلَىٰ سُرُرٍ مَوْضُونَةٍ

    Безенген тақтар үстінде.

    56:15
  16. مُتَّكِئِينَ عَلَيْهَا مُتَقَابِلِينَ

    Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.

    56:16
  17. يَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُخَلَّدُونَ

    Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;

    56:17
  18. بِأَكْوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأْسٍ مِنْ مَعِينٍ

    Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, қүмандар және кәселерменен.

    56:18
  19. لَا يُصَدَّعُونَ عَنْهَا وَلَا يُنْزِفُونَ

    Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды.

    56:19
  20. وَفَاكِهَةٍ مِمَّا يَتَخَيَّرُونَ

    Қалаған жемістері бар.

    56:20

Аударма: Халифа Алтай