Сүре 5 әл-Мәида (Асқа толы дастарқан)
-
وَإِذَا جَاءُوكُمْ قَالُوا آمَنَّا وَقَدْ دَخَلُوا بِالْكُفْرِ وَهُمْ قَدْ خَرَجُوا بِهِ ۚ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا كَانُوا يَكْتُمُونَ
Және қашан олар сендерге келсе: «Иман келтірдік» дейді. Расында олар қарсылықпен кіріп және онымен шыққан болатын. Алла олардың жасырғандарын жақсы біледі.
5:61 -
وَتَرَىٰ كَثِيرًا مِنْهُمْ يُسَارِعُونَ فِي الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَأَكْلِهِمُ السُّحْتَ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олардың көбірегінің күнәда, дұшпандықта және арам жеуде жарысқандарын көресің. Олардың істеген істері неткен жаман.
5:62 -
لَوْلَا يَنْهَاهُمُ الرَّبَّانِيُّونَ وَالْأَحْبَارُ عَنْ قَوْلِهِمُ الْإِثْمَ وَأَكْلِهِمُ السُّحْتَ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَصْنَعُونَ
Егер олардың сопылары, ғалымдары; оларды күнәлы сөздерінен, арам жеулерінен тыйса еді! Әрине олардың істегендері нендей жаман.
5:63 -
وَقَالَتِ الْيَهُودُ يَدُ اللَّهِ مَغْلُولَةٌ ۚ غُلَّتْ أَيْدِيهِمْ وَلُعِنُوا بِمَا قَالُوا ۘ بَلْ يَدَاهُ مَبْسُوطَتَانِ يُنْفِقُ كَيْفَ يَشَاءُ ۚ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ طُغْيَانًا وَكُفْرًا ۚ وَأَلْقَيْنَا بَيْنَهُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۚ كُلَّمَا أَوْقَدُوا نَارًا لِلْحَرْبِ أَطْفَأَهَا اللَّهُ ۚ وَيَسْعَوْنَ فِي الْأَرْضِ فَسَادًا ۚ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ
Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған (сараң)» деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланың құдырет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.
5:64 -
وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ الْكِتَابِ آمَنُوا وَاتَّقَوْا لَكَفَّرْنَا عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ وَلَأَدْخَلْنَاهُمْ جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Егер кітап иелері иман келтіріп, тақуалық қылса еді, әлбетте олардың жамандықтарын жойып, оларды Нағым жәннетке кіргізер едік.
5:65 -
وَلَوْ أَنَّهُمْ أَقَامُوا التَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِمْ مِنْ رَبِّهِمْ لَأَكَلُوا مِنْ فَوْقِهِمْ وَمِنْ تَحْتِ أَرْجُلِهِمْ ۚ مِنْهُمْ أُمَّةٌ مُقْتَصِدَةٌ ۖ وَكَثِيرٌ مِنْهُمْ سَاءَ مَا يَعْمَلُونَ
Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (ағаштардың жемістерінен) әрі аяқтарының стынан (жердің өсімдіктерінен) жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.
5:66 -
يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ ۖ وَإِنْ لَمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُ ۚ وَاللَّهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.
5:67 -
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَسْتُمْ عَلَىٰ شَيْءٍ حَتَّىٰ تُقِيمُوا التَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ ۗ وَلَيَزِيدَنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ طُغْيَانًا وَكُفْرًا ۖ فَلَا تَأْسَ عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.
5:68 -
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَادُوا وَالصَّابِئُونَ وَالنَّصَارَىٰ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Негізінен Аллаға сенгендер, Яһудилер, Сабилер, және Христиандардан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда оларға қорқу да жоқ әрі қайғырмайды.
5:69 -
لَقَدْ أَخَذْنَا مِيثَاقَ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَأَرْسَلْنَا إِلَيْهِمْ رُسُلًا ۖ كُلَّمَا جَاءَهُمْ رَسُولٌ بِمَا لَا تَهْوَىٰ أَنْفُسُهُمْ فَرِيقًا كَذَّبُوا وَفَرِيقًا يَقْتُلُونَ
Әрине Израил ұрпақтарынан серт алып, оларға елшілер жіберген едік. қашан да оларға бір елші, көңілдері тартпаған нәрсе келтірсе бір бөлімін өтірікке ұйғарып, бір бөлімін өлтіреді.
5:70 -
وَحَسِبُوا أَلَّا تَكُونَ فِتْنَةٌ فَعَمُوا وَصَمُّوا ثُمَّ تَابَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ ثُمَّ عَمُوا وَصَمُّوا كَثِيرٌ مِنْهُمْ ۚ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ
Олар, (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бір сұмдық болмайды деп, ойлады да соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң Алла олардың тәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. Алла (Т.) олардың не істегендерін толық көруші.
5:71 -
لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ ۖ وَقَالَ الْمَسِيحُ يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اعْبُدُوا اللَّهَ رَبِّي وَرَبَّكُمْ ۖ إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ ۖ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ
Расында Мәрйем ұлы Мәсихты: «Алла» дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсих: «Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннетті арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ » деген.
5:72 -
لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ ثَالِثُ ثَلَاثَةٍ ۘ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۚ وَإِنْ لَمْ يَنْتَهُوا عَمَّا يَقُولُونَ لَيَمَسَّنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Расында: «Алла, үштің үшіншісі » дегендер кәпір болды. Бір Тәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан; сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі.
5:73 -
أَفَلَا يَتُوبُونَ إِلَى اللَّهِ وَيَسْتَغْفِرُونَهُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Сонда да Аллаға тәубе етіп, жарылқану тілемей ме? Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
5:74 -
مَا الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ وَأُمُّهُ صِدِّيقَةٌ ۖ كَانَا يَأْكُلَانِ الطَّعَامَ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُبَيِّنُ لَهُمُ الْآيَاتِ ثُمَّ انْظُرْ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Мәрйем ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын. (Әй Мұхаммед !) қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонсоң қалай бұрылып бара жатқандарын көр!
5:75 -
قُلْ أَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَكُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا ۚ وَاللَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: «Алладан өзге сендерге пайда, зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма?» Негізінде Алла, әр нәрсені естуші, білуші.
5:76 -
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ غَيْرَ الْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعُوا أَهْوَاءَ قَوْمٍ قَدْ ضَلُّوا مِنْ قَبْلُ وَأَضَلُّوا كَثِيرًا وَضَلُّوا عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрыңғы нақ жолдан адасқан әрі көптерді адастырған сондай-ақ тегіс жолдан азған қауымның әуесіне ілеспеңдер.» де.
5:77 -
لُعِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ لِسَانِ دَاوُودَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ
Сондай Израил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан.
5:78 -
كَانُوا لَا يَتَنَاهَوْنَ عَنْ مُنْكَرٍ فَعَلُوهُ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
Олар бір- бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман.
5:79 -
تَرَىٰ كَثِيرًا مِنْهُمْ يَتَوَلَّوْنَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ لَبِئْسَ مَا قَدَّمَتْ لَهُمْ أَنْفُسُهُمْ أَنْ سَخِطَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَفِي الْعَذَابِ هُمْ خَالِدُونَ
Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Алланың ашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан олардың ілгері жіберген нәрселері нендей жаман.
5:80
Аударма: Халифа Алтай