Сүре 68 әл-Қалам (Қалам), аят 1 – 14
-
ن ۚ وَالْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ
Нұн: (Үғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт.
68:1 -
مَا أَنْتَ بِنِعْمَةِ رَبِّكَ بِمَجْنُونٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.
68:2 -
وَإِنَّ لَكَ لَأَجْرًا غَيْرَ مَمْنُونٍ
Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар.
68:3 -
وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ
Шын мәнінде сен әлбетте үлы мінезге иесің.
68:4 -
فَسَتُبْصِرُ وَيُبْصِرُونَ
Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.
68:5 -
بِأَيْيِكُمُ الْمَفْتُونُ
Жындылық қайсыларыңда екен?
68:6 -
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنْ ضَلَّ عَنْ سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ
Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі.
68:7 -
فَلَا تُطِعِ الْمُكَذِّبِينَ
Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.
68:8 -
وَدُّوا لَوْ تُدْهِنُ فَيُدْهِنُونَ
Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бүттардан тыймасаң сонда оларда жүмсайды. Б.М.)
68:9 -
وَلَا تُطِعْ كُلَّ حَلَّافٍ مَهِينٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой үсынба;
68:10 -
هَمَّازٍ مَشَّاءٍ بِنَمِيمٍ
Өте айыптағыш, өсек тасыгышқа да,
68:11 -
مَنَّاعٍ لِلْخَيْرِ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ
Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да,
68:12 -
عُتُلٍّ بَعْدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ
Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мүғаияра үлы Уәлід.)
68:13 -
أَنْ كَانَ ذَا مَالٍ وَبَنِينَ
Бүлар малды, балалы болса да.
68:14
Аударма: Халифа Алтай