Сүре 68 әл-Қалам (Қалам)

  1. ن ۚ وَالْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ

    Нұн: (Үғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт.

    68:1
  2. مَا أَنْتَ بِنِعْمَةِ رَبِّكَ بِمَجْنُونٍ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.

    68:2
  3. وَإِنَّ لَكَ لَأَجْرًا غَيْرَ مَمْنُونٍ

    Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар.

    68:3
  4. وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ

    Шын мәнінде сен әлбетте үлы мінезге иесің.

    68:4
  5. فَسَتُبْصِرُ وَيُبْصِرُونَ

    Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.

    68:5
  6. بِأَيْيِكُمُ الْمَفْتُونُ

    Жындылық қайсыларыңда екен?

    68:6
  7. إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنْ ضَلَّ عَنْ سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ

    Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі.

    68:7
  8. فَلَا تُطِعِ الْمُكَذِّبِينَ

    Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.

    68:8
  9. وَدُّوا لَوْ تُدْهِنُ فَيُدْهِنُونَ

    Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бүттардан тыймасаң сонда оларда жүмсайды. Б.М.)

    68:9
  10. وَلَا تُطِعْ كُلَّ حَلَّافٍ مَهِينٍ

    (Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой үсынба;

    68:10
  11. هَمَّازٍ مَشَّاءٍ بِنَمِيمٍ

    Өте айыптағыш, өсек тасыгышқа да,

    68:11
  12. مَنَّاعٍ لِلْخَيْرِ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ

    Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да,

    68:12
  13. عُتُلٍّ بَعْدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ

    Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мүғаияра үлы Уәлід.)

    68:13
  14. أَنْ كَانَ ذَا مَالٍ وَبَنِينَ

    Бүлар малды, балалы болса да.

    68:14
  15. إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ

    Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бүрынғылардың ертегісі" деді.

    68:15
  16. سَنَسِمُهُ عَلَى الْخُرْطُومِ

    Жуырда оның мүрнына дақ саламыз. (Түмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мүрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа үшырайды. Б.М.Р.Х.Т.)

    68:16
  17. إِنَّا بَلَوْنَاهُمْ كَمَا بَلَوْنَا أَصْحَابَ الْجَنَّةِ إِذْ أَقْسَمُوا لَيَصْرِمُنَّهَا مُصْبِحِينَ

    Бүларга бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.

    68:17
  18. وَلَا يَسْتَثْنُونَ

    Алла қаласа демеді.

    68:18
  19. فَطَافَ عَلَيْهَا طَائِفٌ مِنْ رَبِّكَ وَهُمْ نَائِمُونَ

    Олар үйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.

    68:19
  20. فَأَصْبَحَتْ كَالصَّرِيمِ

    Бақша қара түнектей болды.

    68:20

Аударма: Халифа Алтай