Сүре 75 әл-Қиәмә (Қайта тірілу)

  1. وَتَذَرُونَ الْآخِرَةَ

    Ақиретті тастап, қоясыңдар.

    75:21
  2. وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَاضِرَةٌ

    Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап;

    75:22
  3. إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٌ

    Раббына қарайды.

    75:23
  4. وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ بَاسِرَةٌ

    Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.

    75:24
  5. تَظُنُّ أَنْ يُفْعَلَ بِهَا فَاقِرَةٌ

    Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды.

    75:25
  6. كَلَّا إِذَا بَلَغَتِ التَّرَاقِيَ

    Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде;

    75:26
  7. وَقِيلَ مَنْ ۜ رَاقٍ

    "Кім шара көреді?",- делінеді.

    75:27
  8. وَظَنَّ أَنَّهُ الْفِرَاقُ

    Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді.

    75:28
  9. وَالْتَفَّتِ السَّاقُ بِالسَّاقِ

    Балтыры, балтырына оралады.

    75:29
  10. إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ الْمَسَاقُ

    Ол күні Раббы жаққа айдалады.

    75:30
  11. فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ

    Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады.

    75:31
  12. وَلَٰكِنْ كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ

    Бірақ, жасынға шыгарып бет бүрды.

    75:32
  13. ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰ أَهْلِهِ يَتَمَطَّىٰ

    Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті.

    75:33
  14. أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ

    Саған пәле келсін,

    75:34
  15. ثُمَّ أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ

    Сосын сені пәле басқыр!

    75:35
  16. أَيَحْسَبُ الْإِنْسَانُ أَنْ يُتْرَكَ سُدًى

    Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?

    75:36
  17. أَلَمْ يَكُ نُطْفَةً مِنْ مَنِيٍّ يُمْنَىٰ

    Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе?

    75:37
  18. ثُمَّ كَانَ عَلَقَةً فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ

    Сосын ол, үйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі.

    75:38
  19. فَجَعَلَ مِنْهُ الزَّوْجَيْنِ الذَّكَرَ وَالْأُنْثَىٰ

    Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.

    75:39
  20. أَلَيْسَ ذَٰلِكَ بِقَادِرٍ عَلَىٰ أَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتَىٰ

    Бүларды жасаған Алланың, өліктерді қайта гірілтуге югші жетпей ме?

    75:40

Аударма: Халифа Алтай