Сүре 76 әл-Інсан (Сана иесі), аят 11 – 22
-
فَوَقَاهُمُ اللَّهُ شَرَّ ذَٰلِكَ الْيَوْمِ وَلَقَّاهُمْ نَضْرَةً وَسُرُورًا
Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді.
76:11 -
وَجَزَاهُمْ بِمَا صَبَرُوا جَنَّةً وَحَرِيرًا
Оларды сабыр еткендіктері үшін үжмақ және жібекпен сыйлайды.
76:12 -
مُتَّكِئِينَ فِيهَا عَلَى الْأَرَائِكِ ۖ لَا يَرَوْنَ فِيهَا شَمْسًا وَلَا زَمْهَرِيرًا
Олар, ол арада дивандарга жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді.
76:13 -
وَدَانِيَةً عَلَيْهِمْ ظِلَالُهَا وَذُلِّلَتْ قُطُوفُهَا تَذْلِيلًا
Оларға бейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.
76:14 -
وَيُطَافُ عَلَيْهِمْ بِآنِيَةٍ مِنْ فِضَّةٍ وَأَكْوَابٍ كَانَتْ قَوَارِيرَا
Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан қүмыралар үсынылады.
76:15 -
قَوَارِيرَ مِنْ فِضَّةٍ قَدَّرُوهَا تَقْدِيرًا
Күмістен шынылары өлшеумен толтырылган болады.
76:16 -
وَيُسْقَوْنَ فِيهَا كَأْسًا كَانَ مِزَاجُهَا زَنْجَبِيلًا
Бейіште оларға "Зәнжәбил" араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі.
76:17 -
عَيْنًا فِيهَا تُسَمَّىٰ سَلْسَبِيلًا
Ол, бейіште "Сәлсәбил" деп аталатын бір бастау бар.
76:18 -
وَيَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُخَلَّدُونَ إِذَا رَأَيْتَهُمْ حَسِبْتَهُمْ لُؤْلُؤًا مَنْثُورًا
Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.
76:19 -
وَإِذَا رَأَيْتَ ثَمَّ رَأَيْتَ نَعِيمًا وَمُلْكًا كَبِيرًا
Сол жерге қараган сәтте; нығымет, зор салтанат көресің.
76:20 -
عَالِيَهُمْ ثِيَابُ سُنْدُسٍ خُضْرٌ وَإِسْتَبْرَقٌ ۖ وَحُلُّوا أَسَاوِرَ مِنْ فِضَّةٍ وَسَقَاهُمْ رَبُّهُمْ شَرَابًا طَهُورًا
Олардың киімдері жүқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді. (37-С. 45-47-А., 47-С. 15-А., 56-С. 17-19-А.)
76:21 -
إِنَّ هَٰذَا كَانَ لَكُمْ جَزَاءً وَكَانَ سَعْيُكُمْ مَشْكُورًا
"Расында бүл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды."
76:22
Аударма: Халифа Алтай