Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар), аят 38

  1. قَالَ ادْخُلُوا فِي أُمَمٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِكُمْ مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ فِي النَّارِ ۖ كُلَّمَا دَخَلَتْ أُمَّةٌ لَعَنَتْ أُخْتَهَا ۖ حَتَّىٰ إِذَا ادَّارَكُوا فِيهَا جَمِيعًا قَالَتْ أُخْرَاهُمْ لِأُولَاهُمْ رَبَّنَا هَٰؤُلَاءِ أَضَلُّونَا فَآتِهِمْ عَذَابًا ضِعْفًا مِنَ النَّارِ ۖ قَالَ لِكُلٍّ ضِعْفٌ وَلَٰكِنْ لَا تَعْلَمُونَ

    (Алла қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер» дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары, алдындағыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер» дейді. (Алла): «Әркімге екі есе азап бар. Бірақ сендер білмейсіңдер» дейді.

    7:38

Аударма: Халифа Алтай