Сүре 83 әл-Мұтаффифин (Саудада алдайтындар)

  1. وَيْلٌ لِلْمُطَفِّفِينَ

    Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш!

    83:1
  2. الَّذِينَ إِذَا اكْتَالُوا عَلَى النَّاسِ يَسْتَوْفُونَ

    Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да;

    83:2
  3. وَإِذَا كَالُوهُمْ أَوْ وَزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ

    Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді.

    83:3
  4. أَلَا يَظُنُّ أُولَٰئِكَ أَنَّهُمْ مَبْعُوثُونَ

    Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?

    83:4
  5. لِيَوْمٍ عَظِيمٍ

    Ол зор күн үшін ;

    83:5
  6. يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ

    Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады.

    83:6
  7. كَلَّا إِنَّ كِتَابَ الْفُجَّارِ لَفِي سِجِّينٍ

    Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады.

    83:7
  8. وَمَا أَدْرَاكَ مَا سِجِّينٌ

    Төменгі орынның не екенін қайдан білесің?

    83:8
  9. كِتَابٌ مَرْقُومٌ

    Ол жазулы бір кітап.

    83:9
  10. وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ

    Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш!

    83:10
  11. الَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوْمِ الدِّينِ

    Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер.

    83:11
  12. وَمَا يُكَذِّبُ بِهِ إِلَّا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ

    Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді.

    83:12
  13. إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ

    Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді.

    83:13
  14. كَلَّا ۖ بَلْ ۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ

    Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты.

    83:14
  15. كَلَّا إِنَّهُمْ عَنْ رَبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَمَحْجُوبُونَ

    Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады.

    83:15
  16. ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُو الْجَحِيمِ

    Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді.

    83:16
  17. ثُمَّ يُقَالُ هَٰذَا الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تُكَذِّبُونَ

    Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді.

    83:17
  18. كَلَّا إِنَّ كِتَابَ الْأَبْرَارِ لَفِي عِلِّيِّينَ

    Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады.

    83:18
  19. وَمَا أَدْرَاكَ مَا عِلِّيُّونَ

    Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің?

    83:19
  20. كِتَابٌ مَرْقُومٌ

    Ол жазулы бір кітап.

    83:20

Аударма: Халифа Алтай