Сүре 88 әл-Ғашия (Қаптайтын қиямет), аят 1 – 16
-
هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ
(Мұхаммед Ғ.С әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме?
88:1 -
وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ خَاشِعَةٌ
Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады.
88:2 -
عَامِلَةٌ نَاصِبَةٌ
Қатты қиналған шаршаған болады.
88:3 -
تَصْلَىٰ نَارًا حَامِيَةً
Жанып тұрған отқа тасталады.
88:4 -
تُسْقَىٰ مِنْ عَيْنٍ آنِيَةٍ
Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.
88:5 -
لَيْسَ لَهُمْ طَعَامٌ إِلَّا مِنْ ضَرِيعٍ
Олардың ашы,сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.
88:6 -
لَا يُسْمِنُ وَلَا يُغْنِي مِنْ جُوعٍ
Ол семіртпейді де аштықты баспайды.
88:7 -
وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَاعِمَةٌ
Ол күні,кейбір жүздер шаттықта,
88:8 -
لِسَعْيِهَا رَاضِيَةٌ
Ғамалдарына разы,
88:9 -
فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ
Көтеріңкі баұшада;
88:10 -
لَا تَسْمَعُ فِيهَا لَاغِيَةً
Ол арада бір бос сөз естімейді.
88:11 -
فِيهَا عَيْنٌ جَارِيَةٌ
Онда аққан бір бұлақ бар.
88:12 -
فِيهَا سُرُرٌ مَرْفُوعَةٌ
Онда биік дивандар бар.
88:13 -
وَأَكْوَابٌ مَوْضُوعَةٌ
Қойылған кіселер бар.
88:14 -
وَنَمَارِقُ مَصْفُوفَةٌ
Тізілген жатықтар бар.
88:15 -
وَزَرَابِيُّ مَبْثُوثَةٌ
Төселген төсеніштер бар.
88:16
Аударма: Халифа Алтай