Сүре 89 әл-Фәжр (Арай)

  1. كَلَّا إِذَا دُكَّتِ الْأَرْضُ دَكًّا دَكًّا

    Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте,

    89:21
  2. وَجَاءَ رَبُّكَ وَالْمَلَكُ صَفًّا صَفًّا

    Раббың елестеп,періштелер сап сап болған кезде,

    89:22
  3. وَجِيءَ يَوْمَئِذٍ بِجَهَنَّمَ ۚ يَوْمَئِذٍ يَتَذَكَّرُ الْإِنْسَانُ وَأَنَّىٰ لَهُ الذِّكْرَىٰ

    Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?

    89:23
  4. يَقُولُ يَا لَيْتَنِي قَدَّمْتُ لِحَيَاتِي

    Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді» дейді.

    89:24
  5. فَيَوْمَئِذٍ لَا يُعَذِّبُ عَذَابَهُ أَحَدٌ

    Сонда,сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды.

    89:25
  6. وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُ أَحَدٌ

    Сондайақ ешкім Оның матауын матай алмайды.

    89:26
  7. يَا أَيَّتُهَا النَّفْسُ الْمُطْمَئِنَّةُ

    Әй орныққан нәпсі!

    89:27
  8. ارْجِعِي إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةً مَرْضِيَّةً

    Раббыңа,Ол сенен,сен Одан разы болған түрде қайт!

    89:28
  9. فَادْخُلِي فِي عِبَادِي

    Енді құлдарымның арасына кір!

    89:29
  10. وَادْخُلِي جَنَّتِي

    Сондайақ жаннатыма кір!

    89:30

Аударма: Халифа Алтай