Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу)
-
وَمِمَّنْ حَوْلَكُمْ مِنَ الْأَعْرَابِ مُنَافِقُونَ ۖ وَمِنْ أَهْلِ الْمَدِينَةِ ۖ مَرَدُوا عَلَى النِّفَاقِ لَا تَعْلَمُهُمْ ۖ نَحْنُ نَعْلَمُهُمْ ۚ سَنُعَذِّبُهُمْ مَرَّتَيْنِ ثُمَّ يُرَدُّونَ إِلَىٰ عَذَابٍ عَظِيمٍ
Араларындағы бәдеуилерден екі жүзді кісілер бар. Сондай-ақ Мединеліктерден де екі жүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады.
9:101 -
وَآخَرُونَ اعْتَرَفُوا بِذُنُوبِهِمْ خَلَطُوا عَمَلًا صَالِحًا وَآخَرَ سَيِّئًا عَسَى اللَّهُ أَنْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Басқа біреулер күнәларын мойындады. Бірақ олар, түзу істі басқа жаман іспен араластырады. Алла олардың тәубелерін бәлкім қабыл етер. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (102-106 аяттар 118. Аятқа байланысты.)
9:102 -
خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِمْ بِهَا وَصَلِّ عَلَيْهِمْ ۖ إِنَّ صَلَاتَكَ سَكَنٌ لَهُمْ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау. Алла толық естуші, аса білуші.
9:103 -
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ هُوَ يَقْبَلُ التَّوْبَةَ عَنْ عِبَادِهِ وَيَأْخُذُ الصَّدَقَاتِ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді.
9:104 -
وَقُلِ اعْمَلُوا فَسَيَرَى اللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ وَالْمُؤْمِنُونَ ۖ وَسَتُرَدُّونَ إِلَىٰ عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «істейтіндеріңді істеңдер. Істеріңді Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар да сендерге не істегендерің білдіріледі» де.
9:105 -
وَآخَرُونَ مُرْجَوْنَ لِأَمْرِ اللَّهِ إِمَّا يُعَذِّبُهُمْ وَإِمَّا يَتُوبُ عَلَيْهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Соғыстан қалып Алланың әмірін күткендер, Алла оларды не азаптайды немесе тәубелерін қабыл етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.
9:106 -
وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مَسْجِدًا ضِرَارًا وَكُفْرًا وَتَفْرِيقًا بَيْنَ الْمُؤْمِنِينَ وَإِرْصَادًا لِمَنْ حَارَبَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ مِنْ قَبْلُ ۚ وَلَيَحْلِفُنَّ إِنْ أَرَدْنَا إِلَّا الْحُسْنَىٰ ۖ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
(Мұнафықтардың бір тобы Құба мешітінің жамағатын ыдырату, қарсылықты күшейту және үнемі пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсы келіп жүрген (папаз) Ғамырдың Шамнан келуін тосу мақсатымен бір мешіт салып Пайғамбар (Ғ.С.) ды намаз оқып беруге шақырады. Пайғамбар (Ғ.С.) тәбүктен қайтқанда келмекші болады.) Сондай зиян тигізу, қарсы келу, Мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан Алла және Елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: «Игілікті ғана қалап едік» деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ Алла олардың асқан суайт екендігіне куәлік етеді.
9:107 -
لَا تَقُمْ فِيهِ أَبَدًا ۚ لَمَسْجِدٌ أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَىٰ مِنْ أَوَّلِ يَوْمٍ أَحَقُّ أَنْ تَقُومَ فِيهِ ۚ فِيهِ رِجَالٌ يُحِبُّونَ أَنْ يَتَطَهَّرُوا ۚ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُطَّهِّرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ол мешітте әсте намаз оөыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруына тағы лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді.
9:108 -
أَفَمَنْ أَسَّسَ بُنْيَانَهُ عَلَىٰ تَقْوَىٰ مِنَ اللَّهِ وَرِضْوَانٍ خَيْرٌ أَمْ مَنْ أَسَّسَ بُنْيَانَهُ عَلَىٰ شَفَا جُرُفٍ هَارٍ فَانْهَارَ بِهِ فِي نَارِ جَهَنَّمَ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Ендеше, ірге тасын Алладан қорқып, ризалығына сәйкес салған біреу жақсы ма? Немесе іргесін құлайтын бір жардың ернеуіне салып онымен тозаққа құлаған біреу жақсы ма? Алла залым елді тура жолға салмайды.
9:109 -
لَا يَزَالُ بُنْيَانُهُمُ الَّذِي بَنَوْا رِيبَةً فِي قُلُوبِهِمْ إِلَّا أَنْ تَقَطَّعَ قُلُوبُهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Сондай олардың салған мешіттері; жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі.
9:110 -
إِنَّ اللَّهَ اشْتَرَىٰ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ أَنْفُسَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ بِأَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ ۚ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيَقْتُلُونَ وَيُقْتَلُونَ ۖ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقًّا فِي التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ وَالْقُرْآنِ ۚ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِعَهْدِهِ مِنَ اللَّهِ ۚ فَاسْتَبْشِرُوا بِبَيْعِكُمُ الَّذِي بَايَعْتُمْ بِهِ ۚ وَذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік.
9:111 -
التَّائِبُونَ الْعَابِدُونَ الْحَامِدُونَ السَّائِحُونَ الرَّاكِعُونَ السَّاجِدُونَ الْآمِرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَالنَّاهُونَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَالْحَافِظُونَ لِحُدُودِ اللَّهِ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
(Әй Мұхаммед Ғ.С.!) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді шүйіншіле.
9:112 -
مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَالَّذِينَ آمَنُوا أَنْ يَسْتَغْفِرُوا لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُوا أُولِي قُرْبَىٰ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
(Пайғамбар, әкесімен туысқан Әбу Таліп үшін; және кейбір Мұсылмандар да иманға келмей өлген әке-шешелері үшін жарылқау тілегісі келген.) Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды.
9:113 -
وَمَا كَانَ اسْتِغْفَارُ إِبْرَاهِيمَ لِأَبِيهِ إِلَّا عَنْ مَوْعِدَةٍ وَعَدَهَا إِيَّاهُ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُ أَنَّهُ عَدُوٌّ لِلَّهِ تَبَرَّأَ مِنْهُ ۚ إِنَّ إِبْرَاهِيمَ لَأَوَّاهٌ حَلِيمٌ
Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне, оның Алланың дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында Ыбырайым қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді.
9:114 -
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُضِلَّ قَوْمًا بَعْدَ إِذْ هَدَاهُمْ حَتَّىٰ يُبَيِّنَ لَهُمْ مَا يَتَّقُونَ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші.
9:115 -
إِنَّ اللَّهَ لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۚ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Шынында көктердің және жердің иелігі Аллаға тән. ол, тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ сендер үшін Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.
9:116 -
لَقَدْ تَابَ اللَّهُ عَلَى النَّبِيِّ وَالْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ الَّذِينَ اتَّبَعُوهُ فِي سَاعَةِ الْعُسْرَةِ مِنْ بَعْدِ مَا كَادَ يَزِيغُ قُلُوبُ فَرِيقٍ مِنْهُمْ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّهُ بِهِمْ رَءُوفٌ رَحِيمٌ
Шынында Алла, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан кейін Пайғамбарға ерген Мұћажірлер мен Ансардың, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті. Алла, оларға тым жұмсақ, өте мейірімді болғандығынан тағы да оларың тәубелерін қабыл етті.
9:117 -
وَعَلَى الثَّلَاثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُوا حَتَّىٰ إِذَا ضَاقَتْ عَلَيْهِمُ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ وَضَاقَتْ عَلَيْهِمْ أَنْفُسُهُمْ وَظَنُّوا أَنْ لَا مَلْجَأَ مِنَ اللَّهِ إِلَّا إِلَيْهِ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْ لِيَتُوبُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
(Сахабалардан Кәғап, Ћилал және Марара жауқаулық істеп, Тәбүк соғысына бармай қалып, соғыстан қайтып келгенде Пайғамбар (Ғ.С.) ға өкініш білдіріп, кешірім тілейді. Пайғамбар (Ғ.С.) оларға: «Тұра тұрыңдар» дегендіктен олармен адамдар сөйлеспей қойып, елу күннен кейін осы аят түседі. Және 102-106 аяттар да осы уақиғаға байланысты.) соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді.
9:118 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ
Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар.
9:119 -
مَا كَانَ لِأَهْلِ الْمَدِينَةِ وَمَنْ حَوْلَهُمْ مِنَ الْأَعْرَابِ أَنْ يَتَخَلَّفُوا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ وَلَا يَرْغَبُوا بِأَنْفُسِهِمْ عَنْ نَفْسِهِ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ لَا يُصِيبُهُمْ ظَمَأٌ وَلَا نَصَبٌ وَلَا مَخْمَصَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلَا يَطَئُونَ مَوْطِئًا يَغِيظُ الْكُفَّارَ وَلَا يَنَالُونَ مِنْ عَدُوٍّ نَيْلًا إِلَّا كُتِبَ لَهُمْ بِهِ عَمَلٌ صَالِحٌ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ
Мединеліктердің және маңайлардағы бәдеуилердің Алланың Елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы ғамал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды.
9:120
Аударма: Халифа Алтай