Сүре 9 ат-Тәубә (Тәубеге келу)
-
وَلَا يُنْفِقُونَ نَفَقَةً صَغِيرَةً وَلَا كَبِيرَةً وَلَا يَقْطَعُونَ وَادِيًا إِلَّا كُتِبَ لَهُمْ لِيَجْزِيَهُمُ اللَّهُ أَحْسَنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар, Алла жолында үлкен-кіші бір нәрсе сарып қылса, бір ойпатты басып өтсе, Алла олардың көркем ғамалдарына сыйлық беру үшін сауап жазылады.
9:121 -
وَمَا كَانَ الْمُؤْمِنُونَ لِيَنْفِرُوا كَافَّةً ۚ فَلَوْلَا نَفَرَ مِنْ كُلِّ فِرْقَةٍ مِنْهُمْ طَائِفَةٌ لِيَتَفَقَّهُوا فِي الدِّينِ وَلِيُنْذِرُوا قَوْمَهُمْ إِذَا رَجَعُوا إِلَيْهِمْ لَعَلَّهُمْ يَحْذَرُونَ
Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе?
9:122 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قَاتِلُوا الَّذِينَ يَلُونَكُمْ مِنَ الْكُفَّارِ وَلْيَجِدُوا فِيكُمْ غِلْظَةً ۚ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
Әй мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер.
9:123 -
وَإِذَا مَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ فَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ أَيُّكُمْ زَادَتْهُ هَٰذِهِ إِيمَانًا ۚ فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا فَزَادَتْهُمْ إِيمَانًا وَهُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
Бір сүре түсірілген кезде, олардан: «Бұл қайсыларыңның иманын арттырады?»,- дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманын арттырады, олар қуанысады.
9:124 -
وَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ فَزَادَتْهُمْ رِجْسًا إِلَىٰ رِجْسِهِمْ وَمَاتُوا وَهُمْ كَافِرُونَ
Сондай-ақ ол сүре жүректерінде дерті болғандардың жамандықтарының үстіне жамандық арттырады; олар, қарсы болған күйде өледі.
9:125 -
أَوَلَا يَرَوْنَ أَنَّهُمْ يُفْتَنُونَ فِي كُلِّ عَامٍ مَرَّةً أَوْ مَرَّتَيْنِ ثُمَّ لَا يَتُوبُونَ وَلَا هُمْ يَذَّكَّرُونَ
(Мұнафықтар) әр жыл бір не екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды.
9:126 -
وَإِذَا مَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ نَظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ هَلْ يَرَاكُمْ مِنْ أَحَدٍ ثُمَّ انْصَرَفُوا ۚ صَرَفَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَفْقَهُونَ
Қашан бір сүре түсірілсе, біріне- бірі қарап: «Сендерді көретін біреу бар ма?»,- десіп, сонсоң өздері бұрыла жөнеледі. Алла, олардың жүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет.
9:127 -
لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ أَنْفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ
Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді.
9:128 -
فَإِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِيَ اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ ۖ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда, егер олар сенен жалтайса: «Маған Алла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол, ұлы ғаршының Раббы » де.
9:129
Аударма: Халифа Алтай