Сүре 23 әл-Му'минун (Мүміндер)
-
قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ
Шынында иман келтіргендер құтылды.
23:1 -
الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ
Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады.
23:2 -
وَالَّذِينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ
Олар, бос нәрселерден аулақ болады. (25-С. 72-А.)
23:3 -
وَالَّذِينَ هُمْ لِلزَّكَاةِ فَاعِلُونَ
Олар, зекеттерін береді.
23:4 -
وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ
Олар, ұятты жерлерін сақтайды.
23:5 -
إِلَّا عَلَىٰ أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ
Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ.
23:6 -
فَمَنِ ابْتَغَىٰ وَرَاءَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْعَادُونَ
Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар.
23:7 -
وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ
Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы.
23:8 -
وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَوَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ
Олар, намаздарына ұқыпты.
23:9 -
أُولَٰئِكَ هُمُ الْوَارِثُونَ
Міне солар, мұрагерлер.
23:10 -
الَّذِينَ يَرِثُونَ الْفِرْدَوْسَ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады.
23:11 -
وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ سُلَالَةٍ مِنْ طِينٍ
Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.
23:12 -
ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً فِي قَرَارٍ مَكِينٍ
Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық.
23:13 -
ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ أَنْشَأْنَاهُ خَلْقًا آخَرَ ۚ فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ
Сосын тамшыны үйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла.
23:14 -
ثُمَّ إِنَّكُمْ بَعْدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ
Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер.
23:15 -
ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تُبْعَثُونَ
Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер.
23:16 -
وَلَقَدْ خَلَقْنَا فَوْقَكُمْ سَبْعَ طَرَائِقَ وَمَا كُنَّا عَنِ الْخَلْقِ غَافِلِينَ
Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар.)
23:17 -
وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَسْكَنَّاهُ فِي الْأَرْضِ ۖ وَإِنَّا عَلَىٰ ذَهَابٍ بِهِ لَقَادِرُونَ
Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді.
23:18 -
فَأَنْشَأْنَا لَكُمْ بِهِ جَنَّاتٍ مِنْ نَخِيلٍ وَأَعْنَابٍ لَكُمْ فِيهَا فَوَاكِهُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық.
23:19 -
وَشَجَرَةً تَخْرُجُ مِنْ طُورِ سَيْنَاءَ تَنْبُتُ بِالدُّهْنِ وَصِبْغٍ لِلْآكِلِينَ
Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық.
23:20
Аударма: Халифа Алтай