Мусыхаф, бет 101

  1. الَّذِينَ يَتَرَبَّصُونَ بِكُمْ فَإِنْ كَانَ لَكُمْ فَتْحٌ مِنَ اللَّهِ قَالُوا أَلَمْ نَكُنْ مَعَكُمْ وَإِنْ كَانَ لِلْكَافِرِينَ نَصِيبٌ قَالُوا أَلَمْ نَسْتَحْوِذْ عَلَيْكُمْ وَنَمْنَعْكُمْ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ ۚ فَاللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَلَنْ يَجْعَلَ اللَّهُ لِلْكَافِرِينَ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ سَبِيلًا

    Сондай сендерді аңдығандар, сендерге Алладан бір жеңіс келсе: «Бізде сендермен бірге емес пе едік?»,-деді. Ал егер кәпірлерге бір олжа түссе, оларға: «Сендерге үстемдік келтіріп, сендерді мүміндерден қорғамадық па?»,- деді. Енді Алла араларыңа қиямет күні үкім қылады, сондай-ақ Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды.

    4:141
  2. إِنَّ الْمُنَافِقِينَ يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَهُوَ خَادِعُهُمْ وَإِذَا قَامُوا إِلَى الصَّلَاةِ قَامُوا كُسَالَىٰ يُرَاءُونَ النَّاسَ وَلَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ إِلَّا قَلِيلًا

    Мұнафықтар, алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады.

    4:142
  3. مُذَبْذَبِينَ بَيْنَ ذَٰلِكَ لَا إِلَىٰ هَٰؤُلَاءِ وَلَا إِلَىٰ هَٰؤُلَاءِ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا

    Олар, осы екі арада дел-салда. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Алла біреуді адастырса оған әсте жол таба алмайсың.

    4:143
  4. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا الْكَافِرِينَ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۚ أَتُرِيدُونَ أَنْ تَجْعَلُوا لِلَّهِ عَلَيْكُمْ سُلْطَانًا مُبِينًا

    Әй мүміндер! Мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпаңдар. Өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма?

    4:144
  5. إِنَّ الْمُنَافِقِينَ فِي الدَّرْكِ الْأَسْفَلِ مِنَ النَّارِ وَلَنْ تَجِدَ لَهُمْ نَصِيرًا

    Негізінен мұнафықтар тозақтың ең төмеңгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың.

    4:145
  6. إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا وَأَصْلَحُوا وَاعْتَصَمُوا بِاللَّهِ وَأَخْلَصُوا دِينَهُمْ لِلَّهِ فَأُولَٰئِكَ مَعَ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَسَوْفَ يُؤْتِ اللَّهُ الْمُؤْمِنِينَ أَجْرًا عَظِيمًا

    Бірақ тәубе еткендер, өздерін түзелткендер және Аллаға жабысып, діндерінде ықыласты болғандар, міне солар мүміндермен бірге. Алла (Т.) мүміндерге жедел бір сыйлық береді.

    4:146
  7. مَا يَفْعَلُ اللَّهُ بِعَذَابِكُمْ إِنْ شَكَرْتُمْ وَآمَنْتُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ شَاكِرًا عَلِيمًا

    Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді неге азап қылсын? Өйткені, Алла (Т.) шүкірлікті бағалаушы, толық білуші.

    4:147

Аударма: Халифа Алтай