Мусыхаф, бет 102

  1. لَا يُحِبُّ اللَّهُ الْجَهْرَ بِالسُّوءِ مِنَ الْقَوْلِ إِلَّا مَنْ ظُلِمَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا عَلِيمًا

    Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі.

    4:148
  2. إِنْ تُبْدُوا خَيْرًا أَوْ تُخْفُوهُ أَوْ تَعْفُوا عَنْ سُوءٍ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ عَفُوًّا قَدِيرًا

    Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не бір жамандықты кешсеңдер, сонда күдіксіз Алла аса кешірімді, тым күшті

    4:149
  3. إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيُرِيدُونَ أَنْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ اللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيَقُولُونَ نُؤْمِنُ بِبَعْضٍ وَنَكْفُرُ بِبَعْضٍ وَيُرِيدُونَ أَنْ يَتَّخِذُوا بَيْنَ ذَٰلِكَ سَبِيلًا

    Шәксіз, сондай аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар, Алла мен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Және де олар: «(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де кейіне қарсы келеміз» дейді; сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды.

    4:150
  4. أُولَٰئِكَ هُمُ الْكَافِرُونَ حَقًّا ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا مُهِينًا

    Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық.

    4:151
  5. وَالَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَلَمْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ أُولَٰئِكَ سَوْفَ يُؤْتِيهِمْ أُجُورَهُمْ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا

    Және сондай Аллаға, пайғамбарларына иман келтіргендер, олардан ешбіреуінің арасын айырмайды; міне солардың сыйлықтары тезінен беріледі. Сондай-ақ Алла (Т.) өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    4:152
  6. يَسْأَلُكَ أَهْلُ الْكِتَابِ أَنْ تُنَزِّلَ عَلَيْهِمْ كِتَابًا مِنَ السَّمَاءِ ۚ فَقَدْ سَأَلُوا مُوسَىٰ أَكْبَرَ مِنْ ذَٰلِكَ فَقَالُوا أَرِنَا اللَّهَ جَهْرَةً فَأَخَذَتْهُمُ الصَّاعِقَةُ بِظُلْمِهِمْ ۚ ثُمَّ اتَّخَذُوا الْعِجْلَ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ فَعَفَوْنَا عَنْ ذَٰلِكَ ۚ وَآتَيْنَا مُوسَىٰ سُلْطَانًا مُبِينًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) Кітап иелері сенен көктен бір кітап түсінуіңді сұрайды. Расында олар Мұса (Ғ.С.) дан одан да зорғыны сұраған. Сонда олар: «Алланы бізге ашық көрсет!»,-дегенде, олардың кесірлері себепті нажағай түсті. Сонсоң оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін де, олар бұзауды тәңір жасап алды. Сонда соларды да кештік. Сондай-ақ Мұса (Ғ.С.) ға ашық мұғжиза бердік.

    4:153
  7. وَرَفَعْنَا فَوْقَهُمُ الطُّورَ بِمِيثَاقِهِمْ وَقُلْنَا لَهُمُ ادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا وَقُلْنَا لَهُمْ لَا تَعْدُوا فِي السَّبْتِ وَأَخَذْنَا مِنْهُمْ مِيثَاقًا غَلِيظًا

    Олардың уәделері себепті үстеріне Тұр тауын көтердік. Және оларға: «қақпадан сәжде қылып кіріңдер» дедік. Тағы оларға: «Сенбі күні шектен шықпаңдар!»,- дедік. Сөйтіп олардан ауыр серт алдық.

    4:154

Аударма: Халифа Алтай