Мусыхаф, бет 135

  1. وَهُوَ الَّذِي يَتَوَفَّاكُمْ بِاللَّيْلِ وَيَعْلَمُ مَا جَرَحْتُمْ بِالنَّهَارِ ثُمَّ يَبْعَثُكُمْ فِيهِ لِيُقْضَىٰ أَجَلٌ مُسَمًّى ۖ ثُمَّ إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ ثُمَّ يُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ

    Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жак. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді.

    6:60
  2. وَهُوَ الْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِ ۖ وَيُرْسِلُ عَلَيْكُمْ حَفَظَةً حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ تَوَفَّتْهُ رُسُلُنَا وَهُمْ لَا يُفَرِّطُونَ

    Және Ол, құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорушы (періште) лар жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді.

    6:61
  3. ثُمَّ رُدُّوا إِلَى اللَّهِ مَوْلَاهُمُ الْحَقِّ ۚ أَلَا لَهُ الْحُكْمُ وَهُوَ أَسْرَعُ الْحَاسِبِينَ

    Одан кейін хак иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрегі.

    6:62
  4. قُلْ مَنْ يُنَجِّيكُمْ مِنْ ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ تَدْعُونَهُ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً لَئِنْ أَنْجَانَا مِنْ هَٰذِهِ لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.): «Құрылықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер» де.

    6:63
  5. قُلِ اللَّهُ يُنَجِّيكُمْ مِنْهَا وَمِنْ كُلِّ كَرْبٍ ثُمَّ أَنْتُمْ تُشْرِكُونَ

    (Әй Мұхаммед ! Оларға) айт: «Сендерді бұдан әрі барлық бейнеттерден Алла құьқарады. Сонда да сендер ортақ қосасыңдар!»

    6:64
  6. قُلْ هُوَ الْقَادِرُ عَلَىٰ أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عَذَابًا مِنْ فَوْقِكُمْ أَوْ مِنْ تَحْتِ أَرْجُلِكُمْ أَوْ يَلْبِسَكُمْ شِيَعًا وَيُذِيقَ بَعْضَكُمْ بَأْسَ بَعْضٍ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَفْقَهُونَ

    «Ол, сендерге үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе- біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді» де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашық баян етеміз.

    6:65
  7. وَكَذَّبَ بِهِ قَوْمُكَ وَهُوَ الْحَقُّ ۚ قُلْ لَسْتُ عَلَيْكُمْ بِوَكِيلٍ

    (Құранды) хақиқат бола тұра ұлтың жасынға шығарды. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерге уәкіл емеспін» де

    6:66
  8. لِكُلِّ نَبَإٍ مُسْتَقَرٌّ ۚ وَسَوْفَ تَعْلَمُونَ

    Әр хабардың нәтижеленетін бір уақыты бар. Жақында білесіңдер.

    6:67
  9. وَإِذَا رَأَيْتَ الَّذِينَ يَخُوضُونَ فِي آيَاتِنَا فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِ ۚ وَإِمَّا يُنْسِيَنَّكَ الشَّيْطَانُ فَلَا تَقْعُدْ بَعْدَ الذِّكْرَىٰ مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымыз турасында олардың ажыуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмытырса, есіне түскененнен кейін залымдар тобымен бірге отырма(

    6:68

Аударма: Халифа Алтай