Мусыхаф, бет 15

  1. قُلْ إِنْ كَانَتْ لَكُمُ الدَّارُ الْآخِرَةُ عِنْدَ اللَّهِ خَالِصَةً مِنْ دُونِ النَّاسِ فَتَمَنَّوُا الْمَوْتَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) : «Егер Алланың қасындағы ахирет жұрты, елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар» де.

    2:94
  2. وَلَنْ يَتَمَنَّوْهُ أَبَدًا بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ

    Бірақ олар қолекі істеп, ілгері жіберген қылмыстары есбепті сірә өлім тілемейді. Алла залымдарды толық біледі.

    2:95
  3. وَلَتَجِدَنَّهُمْ أَحْرَصَ النَّاسِ عَلَىٰ حَيَاةٍ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُوا ۚ يَوَدُّ أَحَدُهُمْ لَوْ يُعَمَّرُ أَلْفَ سَنَةٍ وَمَا هُوَ بِمُزَحْزِحِهِ مِنَ الْعَذَابِ أَنْ يُعَمَّرَ ۗ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Яһудилердің жалпы адамдардан да мүшректерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жылөмір сүруді арман етеді. Алайда өмір оны азаптан арашаламайды. Алла (Т.) олардың істегендерін толық көруші. (Яһудилердің тағы бір қылығы: «Жебрейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды мікейіл әкелсе нанар едік» дейтін еді.)

    2:96
  4. قُلْ مَنْ كَانَ عَدُوًّا لِجِبْرِيلَ فَإِنَّهُ نَزَّلَهُ عَلَىٰ قَلْبِكَ بِإِذْنِ اللَّهِ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ وَهُدًى وَبُشْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Кім Жебрейіл (Ғ.С.) ге дұшпан болса, (Алланың дұшпаны) Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрыңғыларды растаушы. Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды.

    2:97
  5. مَنْ كَانَ عَدُوًّا لِلَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَرُسُلِهِ وَجِبْرِيلَ وَمِيكَالَ فَإِنَّ اللَّهَ عَدُوٌّ لِلْكَافِرِينَ

    Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ жебрейіл, мікейіл (Ғ.С.) ғе дұшпан болса, әлбетте Алла (Т.) кәріплерге дұшпан.

    2:98
  6. وَلَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ ۖ وَمَا يَكْفُرُ بِهَا إِلَّا الْفَاسِقُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап- ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді.

    2:99
  7. أَوَكُلَّمَا عَاهَدُوا عَهْدًا نَبَذَهُ فَرِيقٌ مِنْهُمْ ۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

    (Яһудмлер) қай қашан да бір уәде жасалса, олардың бір бөлімі оны бұзып тастамады ма? Бәлкім олардың көбі Тәуратқа да сенбейді.

    2:100
  8. وَلَمَّا جَاءَهُمْ رَسُولٌ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُصَدِّقٌ لِمَا مَعَهُمْ نَبَذَ فَرِيقٌ مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ كِتَابَ اللَّهِ وَرَاءَ ظُهُورِهِمْ كَأَنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ

    Оларға Алла тарапынан олардың қолындағы тәуратты растаушы Елші келген шақта, Кітап берілгендердің бір бөлімі, тіпті түк білмеегендей Алланың кітабын (Тәуратты) арт жақтарына атты…. »

    2:101

Аударма: Халифа Алтай