Мусыхаф, бет 156

  1. وَنَادَىٰ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ أَصْحَابَ النَّارِ أَنْ قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقًّا فَهَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقًّا ۖ قَالُوا نَعَمْ ۚ فَأَذَّنَ مُؤَذِّنٌ بَيْنَهُمْ أَنْ لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ

    Ұжмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды.

    7:44
  2. الَّذِينَ يَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا وَهُمْ بِالْآخِرَةِ كَافِرُونَ

    Олар, Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ахиретке де қарсы болушылар.

    7:45
  3. وَبَيْنَهُمَا حِجَابٌ ۚ وَعَلَى الْأَعْرَافِ رِجَالٌ يَعْرِفُونَ كُلًّا بِسِيمَاهُمْ ۚ وَنَادَوْا أَصْحَابَ الْجَنَّةِ أَنْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ ۚ لَمْ يَدْخُلُوهَا وَهُمْ يَطْمَعُونَ

    (Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен таныйтын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіңдер.

    7:46
  4. وَإِذَا صُرِفَتْ أَبْصَارُهُمْ تِلْقَاءَ أَصْحَابِ النَّارِ قَالُوا رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

    Қашан олардың көздері тозақтыктар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!»,- дейді

    7:47
  5. وَنَادَىٰ أَصْحَابُ الْأَعْرَافِ رِجَالًا يَعْرِفُونَهُمْ بِسِيمَاهُمْ قَالُوا مَا أَغْنَىٰ عَنْكُمْ جَمْعُكُمْ وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ

    Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?»,- деп айғайлайды.

    7:48
  6. أَهَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ أَقْسَمْتُمْ لَا يَنَالُهُمُ اللَّهُ بِرَحْمَةٍ ۚ ادْخُلُوا الْجَنَّةَ لَا خَوْفٌ عَلَيْكُمْ وَلَا أَنْتُمْ تَحْزَنُونَ

    (Оларға ұжмақтағыларды көрсетіп:) “Бұларға Алланың рахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес пе? Ұжмаққа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар” (делінеді)

    7:49
  7. وَنَادَىٰ أَصْحَابُ النَّارِ أَصْحَابَ الْجَنَّةِ أَنْ أَفِيضُوا عَلَيْنَا مِنَ الْمَاءِ أَوْ مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ ۚ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى الْكَافِرِينَ

    Тозақтағылар, ұжмақтағыларға: “бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуінде кәпірлерге арам еткен” дейді.

    7:50
  8. الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَهُمْ لَهْوًا وَلَعِبًا وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا ۚ فَالْيَوْمَ نَنْسَاهُمْ كَمَا نَسُوا لِقَاءَ يَوْمِهِمْ هَٰذَا وَمَا كَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ

    Олар, діндерін оын- сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей бүгін Біз оларды ұмытамыз.

    7:51

Аударма: Халифа Алтай