Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар)
-
لَهُمْ مِنْ جَهَنَّمَ مِهَادٌ وَمِنْ فَوْقِهِمْ غَوَاشٍ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ
Оларға жаһаннамда төсек және үстерінде жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз.
7:41 -
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Және иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар жаннаттық. Олар онда мәңгі қалушы.
7:42 -
وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِمْ مِنْ غِلٍّ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهِمُ الْأَنْهَارُ ۖ وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي هَدَانَا لِهَٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِيَ لَوْلَا أَنْ هَدَانَا اللَّهُ ۖ لَقَدْ جَاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ ۖ وَنُودُوا أَنْ تِلْكُمُ الْجَنَّةُ أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Олардың көңілдерінен кірбеңдікті шығарамыз, астарынан өзендер ағады. Олар: «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді » дейді. Және оларға: «Міне ғамалдарың себепті мұрагері болған ұжмақтарың осы» делінген түрде дабысталады.
7:43 -
وَنَادَىٰ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ أَصْحَابَ النَّارِ أَنْ قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقًّا فَهَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقًّا ۖ قَالُوا نَعَمْ ۚ فَأَذَّنَ مُؤَذِّنٌ بَيْنَهُمْ أَنْ لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ
Ұжмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды.
7:44 -
الَّذِينَ يَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا وَهُمْ بِالْآخِرَةِ كَافِرُونَ
Олар, Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ахиретке де қарсы болушылар.
7:45 -
وَبَيْنَهُمَا حِجَابٌ ۚ وَعَلَى الْأَعْرَافِ رِجَالٌ يَعْرِفُونَ كُلًّا بِسِيمَاهُمْ ۚ وَنَادَوْا أَصْحَابَ الْجَنَّةِ أَنْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ ۚ لَمْ يَدْخُلُوهَا وَهُمْ يَطْمَعُونَ
(Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен таныйтын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіңдер.
7:46 -
وَإِذَا صُرِفَتْ أَبْصَارُهُمْ تِلْقَاءَ أَصْحَابِ النَّارِ قَالُوا رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Қашан олардың көздері тозақтыктар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!»,- дейді
7:47 -
وَنَادَىٰ أَصْحَابُ الْأَعْرَافِ رِجَالًا يَعْرِفُونَهُمْ بِسِيمَاهُمْ قَالُوا مَا أَغْنَىٰ عَنْكُمْ جَمْعُكُمْ وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ
Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?»,- деп айғайлайды.
7:48 -
أَهَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ أَقْسَمْتُمْ لَا يَنَالُهُمُ اللَّهُ بِرَحْمَةٍ ۚ ادْخُلُوا الْجَنَّةَ لَا خَوْفٌ عَلَيْكُمْ وَلَا أَنْتُمْ تَحْزَنُونَ
(Оларға ұжмақтағыларды көрсетіп:) “Бұларға Алланың рахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес пе? Ұжмаққа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар” (делінеді)
7:49 -
وَنَادَىٰ أَصْحَابُ النَّارِ أَصْحَابَ الْجَنَّةِ أَنْ أَفِيضُوا عَلَيْنَا مِنَ الْمَاءِ أَوْ مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ ۚ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى الْكَافِرِينَ
Тозақтағылар, ұжмақтағыларға: “бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуінде кәпірлерге арам еткен” дейді.
7:50 -
الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَهُمْ لَهْوًا وَلَعِبًا وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا ۚ فَالْيَوْمَ نَنْسَاهُمْ كَمَا نَسُوا لِقَاءَ يَوْمِهِمْ هَٰذَا وَمَا كَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ
Олар, діндерін оын- сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей бүгін Біз оларды ұмытамыз.
7:51 -
وَلَقَدْ جِئْنَاهُمْ بِكِتَابٍ فَصَّلْنَاهُ عَلَىٰ عِلْمٍ هُدًى وَرَحْمَةً لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Расында Біз оларға, иман келтірген қауым үшін тура жол мәрхамет түрінде бір Кітап түсіріп, оны білім жолымен айырып түсіндірдік.
7:52 -
هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا تَأْوِيلَهُ ۚ يَوْمَ يَأْتِي تَأْوِيلُهُ يَقُولُ الَّذِينَ نَسُوهُ مِنْ قَبْلُ قَدْ جَاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ فَهَلْ لَنَا مِنْ شُفَعَاءَ فَيَشْفَعُوا لَنَا أَوْ نُرَدُّ فَنَعْمَلَ غَيْرَ الَّذِي كُنَّا نَعْمَلُ ۚ قَدْ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды.
7:53 -
إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ ۗ أَلَا لَهُ الْخَلْقُ وَالْأَمْرُ ۗ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ
күдіксіз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін- бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Алла, бүкіл әлемнің Раббы.
7:54 -
ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ
Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді.
7:55 -
وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا وَادْعُوهُ خَوْفًا وَطَمَعًا ۚ إِنَّ رَحْمَتَ اللَّهِ قَرِيبٌ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар. Және Аллаға хауіп әрі үмітпен жалбарыныңдар. Расында Алланың рахмті жақын.
7:56 -
وَهُوَ الَّذِي يُرْسِلُ الرِّيَاحَ بُشْرًا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِ ۖ حَتَّىٰ إِذَا أَقَلَّتْ سَحَابًا ثِقَالًا سُقْنَاهُ لِبَلَدٍ مَيِّتٍ فَأَنْزَلْنَا بِهِ الْمَاءَ فَأَخْرَجْنَا بِهِ مِنْ كُلِّ الثَّمَرَاتِ ۚ كَذَٰلِكَ نُخْرِجُ الْمَوْتَىٰ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Ол сондай Алла рахметінің (жаңбырдың) алдын ала желдерді қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр) бір мемлекетке жіберіп, сонда ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әр түрлі жемістерді шығарамыз. Осылайша өліктерді де тірілтеміз. Әрине үгіттенерсіңдер.
7:57 -
وَالْبَلَدُ الطَّيِّبُ يَخْرُجُ نَبَاتُهُ بِإِذْنِ رَبِّهِ ۖ وَالَّذِي خَبُثَ لَا يَخْرُجُ إِلَّا نَكِدًا ۚ كَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَشْكُرُونَ
Жақсы жердің өсімдігі Раббының қалауы бойынша шығады. Сондай құнарсыз жерге аз нәрсе ғана шығады. (бұл ықылас пен ықылассыздың мысалы) Осылайша аяттарымызды шүкірлік қылатын елге айырып баян етеміз.
7:58 -
لَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ
Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді.
7:59 -
قَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِهِ إِنَّا لَنَرَاكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз” деді.
7:60
Аударма: Халифа Алтай