Мусыхаф, бет 160

  1. وَاذْكُرُوا إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَاءَ مِنْ بَعْدِ عَادٍ وَبَوَّأَكُمْ فِي الْأَرْضِ تَتَّخِذُونَ مِنْ سُهُولِهَا قُصُورًا وَتَنْحِتُونَ الْجِبَالَ بُيُوتًا ۖ فَاذْكُرُوا آلَاءَ اللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

    (Еске алыңдар! Сол уақытта Ғаддан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер.

    7:74
  2. قَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا مِنْ قَوْمِهِ لِلَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِمَنْ آمَنَ مِنْهُمْ أَتَعْلَمُونَ أَنَّ صَالِحًا مُرْسَلٌ مِنْ رَبِّهِ ۚ قَالُوا إِنَّا بِمَا أُرْسِلَ بِهِ مُؤْمِنُونَ

    Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?»,- деді. Олар: «Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз» деді.

    7:75
  3. قَالَ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا إِنَّا بِالَّذِي آمَنْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ

    Дандайсығандар: «Күдіксіз біз сендер сенген нәрселерге қарсымыз» деді.

    7:76
  4. فَعَقَرُوا النَّاقَةَ وَعَتَوْا عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ وَقَالُوا يَا صَالِحُ ائْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الْمُرْسَلِينَ

    Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықты да: «Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір» деді.

    7:77
  5. فَأَخَذَتْهُمُ الرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دَارِهِمْ جَاثِمِينَ

    Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да үйлерінде етпеттеген бойдарында қалды.

    7:78
  6. فَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا قَوْمِ لَقَدْ أَبْلَغْتُكُمْ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحْتُ لَكُمْ وَلَٰكِنْ لَا تُحِبُّونَ النَّاصِحِينَ

    Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсы көрмедіңдер» деді.

    7:79
  7. وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ أَتَأْتُونَ الْفَاحِشَةَ مَا سَبَقَكُمْ بِهَا مِنْ أَحَدٍ مِنَ الْعَالَمِينَ

    Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді.

    7:80
  8. إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ الرِّجَالَ شَهْوَةً مِنْ دُونِ النِّسَاءِ ۚ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ

    «Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер»

    7:81

Аударма: Халифа Алтай