Мусыхаф, бет 161
-
وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَنْ قَالُوا أَخْرِجُوهُمْ مِنْ قَرْيَتِكُمْ ۖ إِنَّهُمْ أُنَاسٌ يَتَطَهَّرُونَ
Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады.
7:82 -
فَأَنْجَيْنَاهُ وَأَهْلَهُ إِلَّا امْرَأَتَهُ كَانَتْ مِنَ الْغَابِرِينَ
Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды.
7:83 -
وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ مَطَرًا ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُجْرِمِينَ
Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалай болғанын көр!
7:84 -
وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبًا ۗ قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ قَدْ جَاءَتْكُمْ بَيِّنَةٌ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ فَأَوْفُوا الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Мәдян еліне туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман кетірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы» деді.
7:85 -
وَلَا تَقْعُدُوا بِكُلِّ صِرَاطٍ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ مَنْ آمَنَ بِهِ وَتَبْغُونَهَا عِوَجًا ۚ وَاذْكُرُوا إِذْ كُنْتُمْ قَلِيلًا فَكَثَّرَكُمْ ۖ وَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُفْسِدِينَ
«Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап, қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Және ойлаңдар, сендер аз едіңдер, Алла көбейтті. Және де бұзақылардың соңы қалай болды, қараңдар! »
7:86 -
وَإِنْ كَانَ طَائِفَةٌ مِنْكُمْ آمَنُوا بِالَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ وَطَائِفَةٌ لَمْ يُؤْمِنُوا فَاصْبِرُوا حَتَّىٰ يَحْكُمَ اللَّهُ بَيْنَنَا ۚ وَهُوَ خَيْرُ الْحَاكِمِينَ
«Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп, бір топ сенбесе, Сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкім берушілердің жақсысы»
7:87
Аударма: Халифа Алтай