Мусыхаф, бет 164

  1. حَقِيقٌ عَلَىٰ أَنْ لَا أَقُولَ عَلَى اللَّهِ إِلَّا الْحَقَّ ۚ قَدْ جِئْتُكُمْ بِبَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ فَأَرْسِلْ مَعِيَ بَنِي إِسْرَائِيلَ

    «Аллаға хақиқатты ғана айтуға міндеттемін. Сендерге Раббыларыңнан ашық дәлел әкелдім. Енді Израил ұрпақтарын менімен бірге жібер» деді.

    7:105
  2. قَالَ إِنْ كُنْتَ جِئْتَ بِآيَةٍ فَأْتِ بِهَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

    (Перғауын): «Егер сен бір мұғжиза келтірген болсаң, ал оны әкел. Егер сөзің шын болса» деді.

    7:106
  3. فَأَلْقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعْبَانٌ مُبِينٌ

    Сонда (Мұса Ғ.С.) таяғын тастады. Ол, дереу ашықша бір айдағар болды.

    7:107
  4. وَنَزَعَ يَدَهُ فَإِذَا هِيَ بَيْضَاءُ لِلنَّاظِرِينَ

    Тағы қолын шығарды. Сонда ол, қараушыларға аппақ көрінді.

    7:108
  5. قَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِ فِرْعَوْنَ إِنَّ هَٰذَا لَسَاحِرٌ عَلِيمٌ

    Перғауын елінің бастықтары: «Күдіксіз мынау анық білгіш сиқыршы» деді.

    7:109
  6. يُرِيدُ أَنْ يُخْرِجَكُمْ مِنْ أَرْضِكُمْ ۖ فَمَاذَا تَأْمُرُونَ

    «Сендерді жұрттарыңнан шығарғысы келеді. Не бұйрасыңдар?»

    7:110
  7. قَالُوا أَرْجِهْ وَأَخَاهُ وَأَرْسِلْ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ

    «Оны да туысын да тоқтатып қойып, қалаларға жинаушылар жібер.»

    7:111
  8. يَأْتُوكَ بِكُلِّ سَاحِرٍ عَلِيمٍ

    «Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін» (десті)

    7:112
  9. وَجَاءَ السَّحَرَةُ فِرْعَوْنَ قَالُوا إِنَّ لَنَا لَأَجْرًا إِنْ كُنَّا نَحْنُ الْغَالِبِينَ

    Сиқыршылар, Перғауынға келіп: «Егер біз жеңіске ие болсақ, әрине бізге сыйлық бар шығар» деді.

    7:113
  10. قَالَ نَعَمْ وَإِنَّكُمْ لَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ

    (Перғауын): «Әрине! Әрі жақын адамдарымнан боласыңдар» деді.

    7:114
  11. قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِمَّا أَنْ تُلْقِيَ وَإِمَّا أَنْ نَكُونَ نَحْنُ الْمُلْقِينَ

    (Сқыршылар): Ә Мұса! Енді (өңеріңді ортаға) не сен қой немесе біздер қойяық деді.

    7:115
  12. قَالَ أَلْقُوا ۖ فَلَمَّا أَلْقَوْا سَحَرُوا أَعْيُنَ النَّاسِ وَاسْتَرْهَبُوهُمْ وَجَاءُوا بِسِحْرٍ عَظِيمٍ

    (Мұса Ғ.С.): «Сеңдер қойыңдар» деді. Олар (өңерлерін) қойған сәтте, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды қорқытты. Сондай-ақ үлкен бір сиқыр келтірді.

    7:116
  13. وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنْ أَلْقِ عَصَاكَ ۖ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ

    Мұсаға: «Таяғыңды таста» деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқ олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады.

    7:117
  14. فَوَقَعَ الْحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті.

    7:118
  15. فَغُلِبُوا هُنَالِكَ وَانْقَلَبُوا صَاغِرِينَ

    Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты.

    7:119
  16. وَأُلْقِيَ السَّحَرَةُ سَاجِدِينَ

    Сиқыршылар сәждеге жығылды.

    7:120

Аударма: Халифа Алтай