Мусыхаф, бет 165
-
قَالُوا آمَنَّا بِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Олар: «Бүкіл әлемнің Раббына сендік» деді.
7:121 -
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَارُونَ
«Мұса мен һарунның Раббына….»
7:122 -
قَالَ فِرْعَوْنُ آمَنْتُمْ بِهِ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّ هَٰذَا لَمَكْرٌ مَكَرْتُمُوهُ فِي الْمَدِينَةِ لِتُخْرِجُوا مِنْهَا أَهْلَهَا ۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
(Перғауын): «Мен сендерге рұқсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Расында бұл, қала халқын шығару үшін жасаған бір әдістерің. Бәлем жақында көресіңдер.» деді.
7:123 -
لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ ثُمَّ لَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ
«Әрине қол-аяқтарыңды шадырлата кестіремін, сонсоң түгелдей астырамын»
7:124 -
قَالُوا إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنْقَلِبُونَ
(Сиқыршылар): Сөзсіз, Раббымызға айналамыз! ,- деді.
7:125 -
وَمَا تَنْقِمُ مِنَّا إِلَّا أَنْ آمَنَّا بِآيَاتِ رَبِّنَا لَمَّا جَاءَتْنَا ۚ رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَتَوَفَّنَا مُسْلِمِينَ
«Сен, бізден Раббымыздың аяттары келгенде иман келтірді деп қана өш аласың. Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйде өлтір!….»
7:126 -
وَقَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِ فِرْعَوْنَ أَتَذَرُ مُوسَىٰ وَقَوْمَهُ لِيُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَيَذَرَكَ وَآلِهَتَكَ ۚ قَالَ سَنُقَتِّلُ أَبْنَاءَهُمْ وَنَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ وَإِنَّا فَوْقَهُمْ قَاهِرُونَ
Перғауын елінің бастықтары: «Мұсаны және елін, жер жүзінде бүліншілік қылсын және сені де, тәңірлеріңді де тастасын деп қоя берсің бе? » деді. (Перғауын оларға): «Ұлдарын өлтіреміз де әйелдерін тірі қоямыз. Әрине біз олардың үстінде өктембіз» деді.
7:127 -
قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ اسْتَعِينُوا بِاللَّهِ وَاصْبِرُوا ۖ إِنَّ الْأَرْضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۖ وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ
Мұса (Ғ.С.) еліне: «Алладан жәрдем тілеңдер әрі сабыр етіңдер: Жер Алланікі екені даусыз. Ол, құлдарынан қалағаныңа мұра қылады. Соңғы табыс тақуалардікі» деді.
7:128 -
قَالُوا أُوذِينَا مِنْ قَبْلِ أَنْ تَأْتِيَنَا وَمِنْ بَعْدِ مَا جِئْتَنَا ۚ قَالَ عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَنْ يُهْلِكَ عَدُوَّكُمْ وَيَسْتَخْلِفَكُمْ فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرَ كَيْفَ تَعْمَلُونَ
(Елі Мұса Ғ.С.ға): «Сен бізге келуден бұрын және сен бізге келгеннен кейін де қиналдық» деді. (Мұса Ғ.С.): «Раббыларың дұшпаңдарыңды жойып, орнына сендерді ол жерге орналастыруы мүмкін. бірақ сендердің де қалай істейтіңдеріне қарайды» деді.
7:129 -
وَلَقَدْ أَخَذْنَا آلَ فِرْعَوْنَ بِالسِّنِينَ وَنَقْصٍ مِنَ الثَّمَرَاتِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ
Шынында, Перғауын тобын, үгіт алулары үшін жылдарша жемістерін кемітіп, қолға алдық.
7:130
Аударма: Халифа Алтай