Мусыхаф, бет 172
-
وَإِذْ قَالَتْ أُمَّةٌ مِنْهُمْ لِمَ تَعِظُونَ قَوْمًا ۙ اللَّهُ مُهْلِكُهُمْ أَوْ مُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ قَالُوا مَعْذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ
Сол уақытта олардан бір тобы: «Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?»,- деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар» деді.
7:164 -
فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ أَنْجَيْنَا الَّذِينَ يَنْهَوْنَ عَنِ السُّوءِ وَأَخَذْنَا الَّذِينَ ظَلَمُوا بِعَذَابٍ بَئِيسٍ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ
Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық.
7:165 -
فَلَمَّا عَتَوْا عَنْ مَا نُهُوا عَنْهُ قُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ
Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік.
7:166 -
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبْعَثَنَّ عَلَيْهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ يَسُومُهُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ ۖ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.)Раббың оларды қиямет күніне дейін жаман қинаумен ұстайтын біреулерді әлбетте жіберетіндігін білдірді. Расында Раббың тез жазалаушы әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
7:167 -
وَقَطَّعْنَاهُمْ فِي الْأَرْضِ أُمَمًا ۖ مِنْهُمُ الصَّالِحُونَ وَمِنْهُمْ دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَبَلَوْنَاهُمْ بِالْحَسَنَاتِ وَالسَّيِّئَاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Оларды жер жүзінде топтарға бөлдік. Олардың игілері бар әрі олардың басқалары да бар. Бәлкім райынан қайтар деп оларды жақсылықпен де, жамандықпен де сынадық.
7:168 -
فَخَلَفَ مِنْ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ وَرِثُوا الْكِتَابَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَٰذَا الْأَدْنَىٰ وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِنْ يَأْتِهِمْ عَرَضٌ مِثْلُهُ يَأْخُذُوهُ ۚ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِمْ مِيثَاقُ الْكِتَابِ أَنْ لَا يَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلَّا الْحَقَّ وَدَرَسُوا مَا فِيهِ ۗ وَالدَّارُ الْآخِرَةُ خَيْرٌ لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Олардан кейін, Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз» дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаға байланысты шындықты ғана айтуларына, Тәуратта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбесіңдер ме?
7:169 -
وَالَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِالْكِتَابِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ الْمُصْلِحِينَ
Сондай Кітапқа мықты жабысып, намазды толық орындайды; дау жоқ, біз игілік істегендердің сауабын зая қылмаймыз.
7:170
Аударма: Халифа Алтай