Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар)

  1. وَإِذْ قِيلَ لَهُمُ اسْكُنُوا هَٰذِهِ الْقَرْيَةَ وَكُلُوا مِنْهَا حَيْثُ شِئْتُمْ وَقُولُوا حِطَّةٌ وَادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا نَغْفِرْ لَكُمْ خَطِيئَاتِكُمْ ۚ سَنَزِيدُ الْمُحْسِنِينَ

    Сол уақытта оларға: «Осы қалаға орналасыңдар да (ол жердің өсімдіктерінен) қалағандарыңша жеңдер. «Күнәміз жарылқансын» деп қақападан сәжде қылып кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, жақсылық істеушілерге тағы артық береміз» делінді.

    7:161
  2. فَبَدَّلَ الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ قَوْلًا غَيْرَ الَّذِي قِيلَ لَهُمْ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِجْزًا مِنَ السَّمَاءِ بِمَا كَانُوا يَظْلِمُونَ

    Сонда олардың залымдары; сөзді, өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды. Олардың зұлымдық істегендіктері салдарынан көктен азап жібердік.

    7:162
  3. وَاسْأَلْهُمْ عَنِ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَتْ حَاضِرَةَ الْبَحْرِ إِذْ يَعْدُونَ فِي السَّبْتِ إِذْ تَأْتِيهِمْ حِيتَانُهُمْ يَوْمَ سَبْتِهِمْ شُرَّعًا وَيَوْمَ لَا يَسْبِتُونَ ۙ لَا تَأْتِيهِمْ ۚ كَذَٰلِكَ نَبْلُوهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбі де (балық аулап) шектен шығатын еді. Сонда олардың сенбіні құттықтаған күндерінде, балықтар, оларға қаптап келіп, сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық.

    7:163
  4. وَإِذْ قَالَتْ أُمَّةٌ مِنْهُمْ لِمَ تَعِظُونَ قَوْمًا ۙ اللَّهُ مُهْلِكُهُمْ أَوْ مُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ قَالُوا مَعْذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ

    Сол уақытта олардан бір тобы: «Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?»,- деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар» деді.

    7:164
  5. فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ أَنْجَيْنَا الَّذِينَ يَنْهَوْنَ عَنِ السُّوءِ وَأَخَذْنَا الَّذِينَ ظَلَمُوا بِعَذَابٍ بَئِيسٍ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ

    Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық.

    7:165
  6. فَلَمَّا عَتَوْا عَنْ مَا نُهُوا عَنْهُ قُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ

    Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік.

    7:166
  7. وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبْعَثَنَّ عَلَيْهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ يَسُومُهُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ ۖ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.)Раббың оларды қиямет күніне дейін жаман қинаумен ұстайтын біреулерді әлбетте жіберетіндігін білдірді. Расында Раббың тез жазалаушы әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    7:167
  8. وَقَطَّعْنَاهُمْ فِي الْأَرْضِ أُمَمًا ۖ مِنْهُمُ الصَّالِحُونَ وَمِنْهُمْ دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَبَلَوْنَاهُمْ بِالْحَسَنَاتِ وَالسَّيِّئَاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ

    Оларды жер жүзінде топтарға бөлдік. Олардың игілері бар әрі олардың басқалары да бар. Бәлкім райынан қайтар деп оларды жақсылықпен де, жамандықпен де сынадық.

    7:168
  9. فَخَلَفَ مِنْ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ وَرِثُوا الْكِتَابَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَٰذَا الْأَدْنَىٰ وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِنْ يَأْتِهِمْ عَرَضٌ مِثْلُهُ يَأْخُذُوهُ ۚ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِمْ مِيثَاقُ الْكِتَابِ أَنْ لَا يَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلَّا الْحَقَّ وَدَرَسُوا مَا فِيهِ ۗ وَالدَّارُ الْآخِرَةُ خَيْرٌ لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

    Олардан кейін, Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз» дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаға байланысты шындықты ғана айтуларына, Тәуратта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбесіңдер ме?

    7:169
  10. وَالَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِالْكِتَابِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ الْمُصْلِحِينَ

    Сондай Кітапқа мықты жабысып, намазды толық орындайды; дау жоқ, біз игілік істегендердің сауабын зая қылмаймыз.

    7:170
  11. وَإِذْ نَتَقْنَا الْجَبَلَ فَوْقَهُمْ كَأَنَّهُ ظُلَّةٌ وَظَنُّوا أَنَّهُ وَاقِعٌ بِهِمْ خُذُوا مَا آتَيْنَاكُمْ بِقُوَّةٍ وَاذْكُرُوا مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

    Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Израил ұрпақтарының үстеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады. «Сендерге берген Кітапты мықты ұстаңдар да ішіндегілерді түсіңіндер, әрине тақуа боласыңдар» (дедік).

    7:171
  12. وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِنْ بَنِي آدَمَ مِنْ ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ ۖ قَالُوا بَلَىٰ ۛ شَهِدْنَا ۛ أَنْ تَقُولُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَٰذَا غَافِلِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?»,- (дегенде,) олар: «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер. (Бұл «Әлмисақ» уәдесі; жаннан алынған деген)

    7:172
  13. أَوْ تَقُولُوا إِنَّمَا أَشْرَكَ آبَاؤُنَا مِنْ قَبْلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةً مِنْ بَعْدِهِمْ ۖ أَفَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ الْمُبْطِلُونَ

    Немесе: «Бұрыңғы ата-бабамыз шерік қатқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Сонда бізді бұзақылардың қылығымен жоқ етесің бе?»,- (демеулерің үшін.)

    7:173
  14. وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ وَلَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ

    Олардың тура жолға қйтулары үшін аяттарымызды өстіп ашық баян етеміз.

    7:174
  15. وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ الَّذِي آتَيْنَاهُ آيَاتِنَا فَانْسَلَخَ مِنْهَا فَأَتْبَعَهُ الشَّيْطَانُ فَكَانَ مِنَ الْغَاوِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға (Яһудилерге) берген аяттарымызды сиырылып, шайтандарға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір.

    7:175
  16. وَلَوْ شِئْنَا لَرَفَعْنَاهُ بِهَا وَلَٰكِنَّهُ أَخْلَدَ إِلَى الْأَرْضِ وَاتَّبَعَ هَوَاهُ ۚ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ الْكَلْبِ إِنْ تَحْمِلْ عَلَيْهِ يَلْهَثْ أَوْ تَتْرُكْهُ يَلْهَثْ ۚ ذَٰلِكَ مَثَلُ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۚ فَاقْصُصِ الْقَصَصَ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ

    Егер қаласақ, аятарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: Егер оған тап берсеңде тілін салақтатып, не оны қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед Ғ.С.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер.

    7:176
  17. سَاءَ مَثَلًا الْقَوْمُ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَأَنْفُسَهُمْ كَانُوا يَظْلِمُونَ

    Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман!

    7:177
  18. مَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِي ۖ وَمَنْ يُضْلِلْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ

    Алла (Т.) кімді тура жолға салса, сонда ол, тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар.

    7:178
  19. وَلَقَدْ ذَرَأْنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرًا مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ ۖ لَهُمْ قُلُوبٌ لَا يَفْقَهُونَ بِهَا وَلَهُمْ أَعْيُنٌ لَا يُبْصِرُونَ بِهَا وَلَهُمْ آذَانٌ لَا يَسْمَعُونَ بِهَا ۚ أُولَٰئِكَ كَالْأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الْغَافِلُونَ

    Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде әперсіздер.

    7:179
  20. وَلِلَّهِ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ فَادْعُوهُ بِهَا ۖ وَذَرُوا الَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِي أَسْمَائِهِ ۚ سَيُجْزَوْنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып- қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады.

    7:180

Аударма: Халифа Алтай