Мусыхаф, бет 176

  1. إِنَّ وَلِيِّيَ اللَّهُ الَّذِي نَزَّلَ الْكِتَابَ ۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى الصَّالِحِينَ

    Шынында менің ием Құран түсірген Алла. ол, жақсыларға иегершілік етеді.

    7:196
  2. وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَكُمْ وَلَا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ

    Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың, сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды.

    7:197
  3. وَإِنْ تَدْعُوهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ لَا يَسْمَعُوا ۖ وَتَرَاهُمْ يَنْظُرُونَ إِلَيْكَ وَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ

    Ал және оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Олардың саған қарағанын көресің. Бірақ олар сені көрмейді.

    7:198
  4. خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ

    (Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.

    7:199
  5. وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۚ إِنَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

    Егер шайтаннан саған б3р түрткі болса, Сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші.

    7:200
  6. إِنَّ الَّذِينَ اتَّقَوْا إِذَا مَسَّهُمْ طَائِفٌ مِنَ الشَّيْطَانِ تَذَكَّرُوا فَإِذَا هُمْ مُبْصِرُونَ

    Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді.

    7:201
  7. وَإِخْوَانُهُمْ يَمُدُّونَهُمْ فِي الْغَيِّ ثُمَّ لَا يُقْصِرُونَ

    Кәпірлердің ьуыстары (шайтандар), азғындыққа тартады да сонсоң олар қырсоңынан қалмайды.

    7:202
  8. وَإِذَا لَمْ تَأْتِهِمْ بِآيَةٍ قَالُوا لَوْلَا اجْتَبَيْتَهَا ۚ قُلْ إِنَّمَا أَتَّبِعُ مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ مِنْ رَبِّي ۚ هَٰذَا بَصَائِرُ مِنْ رَبِّكُمْ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға мұғжиза келтірсемең, олар: «Оны өзің неге жасамадың?»,- дейді. Мен: «Раббым тарапынан маған уахи етілгенге ғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет».

    7:203
  9. وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنْصِتُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ

    Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да үңдемендер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер.

    7:204
  10. وَاذْكُرْ رَبَّكَ فِي نَفْسِكَ تَضَرُّعًا وَخِيفَةً وَدُونَ الْجَهْرِ مِنَ الْقَوْلِ بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ وَلَا تَكُنْ مِنَ الْغَافِلِينَ

    (Мұхаммед!) Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі- кеш зікір ет. Сондай-ақ кәпірсіздерден болма.

    7:205
  11. إِنَّ الَّذِينَ عِنْدَ رَبِّكَ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِ وَيُسَبِّحُونَهُ وَلَهُ يَسْجُدُونَ ۩

    Расында раббыңның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылық қылудан менменсімейді де Оны дәріптеп, Оған сәжде қылады.

    7:206

Аударма: Халифа Алтай