Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар)

  1. وَمِمَّنْ خَلَقْنَا أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ

    Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар.

    7:181
  2. وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا سَنَسْتَدْرِجُهُمْ مِنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ

    Сондай аяттарымызды жасынға айналдырғандарды олар, білмеген жақтан бірте- бірте жоямыз.

    7:182
  3. وَأُمْلِي لَهُمْ ۚ إِنَّ كَيْدِي مَتِينٌ

    Тағы да оларға мұрса беремін. Әрине шараларым да қатаң.

    7:183
  4. أَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا ۗ مَا بِصَاحِبِهِمْ مِنْ جِنَّةٍ ۚ إِنْ هُوَ إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ

    Олар жолдастары (Мұхаммед Ғ.С.) ның жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана.

    7:184
  5. أَوَلَمْ يَنْظُرُوا فِي مَلَكُوتِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْ شَيْءٍ وَأَنْ عَسَىٰ أَنْ يَكُونَ قَدِ اقْتَرَبَ أَجَلُهُمْ ۖ فَبِأَيِّ حَدِيثٍ بَعْدَهُ يُؤْمِنُونَ

    Олар, көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне, және Алла жаратқан нәрселеріне сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар, бұдан кейін қай сөзге сенеді?

    7:185
  6. مَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَا هَادِيَ لَهُ ۚ وَيَذَرُهُمْ فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ

    Алла кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші жоқ. Онда оларды қаңғырыстарында абыржытып қояды.

    7:186
  7. يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِنْدَ رَبِّي ۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقْتِهَا إِلَّا هُوَ ۚ ثَقُلَتْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا تَأْتِيكُمْ إِلَّا بَغْتَةً ۗ يَسْأَلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنْهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِنْدَ اللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де.

    7:187
  8. قُلْ لَا أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعًا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَاءَ اللَّهُ ۚ وَلَوْ كُنْتُ أَعْلَمُ الْغَيْبَ لَاسْتَكْثَرْتُ مِنَ الْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِيَ السُّوءُ ۚ إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.): «Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсәздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді; қорқытушы, қуандырушы ғанамын» де.

    7:188
  9. هُوَ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ وَجَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا لِيَسْكُنَ إِلَيْهَا ۖ فَلَمَّا تَغَشَّاهَا حَمَلَتْ حَمْلًا خَفِيفًا فَمَرَّتْ بِهِ ۖ فَلَمَّا أَثْقَلَتْ دَعَوَا اللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ آتَيْتَنَا صَالِحًا لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ

    Ол сондай Алла, сендерді бір -ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды.

    7:189
  10. فَلَمَّا آتَاهُمَا صَالِحًا جَعَلَا لَهُ شُرَكَاءَ فِيمَا آتَاهُمَا ۚ فَتَعَالَى اللَّهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    Дегенмен Алла оларға дұрыс бала берген кезде, олар өздеріне берген бала жайында Аллаға шерік қата бастады. (Бұл жердегі шерік қатушылар, кейінгі ұрпақтар. Адам Ғ.С. шерік қатудан пәк.) Алла (Т.) олардың қосқан ортактарынан жоғары. (Пәк.)

    7:190
  11. أَيُشْرِكُونَ مَا لَا يَخْلُقُ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ

    Олар, еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрсені Аллаға шерік қата ма?

    7:191
  12. وَلَا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرًا وَلَا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ

    (Аллаға шерік қатқан нәрселері) оларға жәрдем ете алмайды әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды.

    7:192
  13. وَإِنْ تَدْعُوهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ لَا يَتَّبِعُوكُمْ ۚ سَوَاءٌ عَلَيْكُمْ أَدَعَوْتُمُوهُمْ أَمْ أَنْتُمْ صَامِتُونَ

    Егер шерік қатқан нәрселеріңді тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды мейлі шақырыңдар, мейлі үндемеңдер, сендер бәрі бір.

    7:193
  14. إِنَّ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ عِبَادٌ أَمْثَالُكُمْ ۖ فَادْعُوهُمْ فَلْيَسْتَجِيبُوا لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    Расында Алладан өзге шоқыгғандарың, өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін.

    7:194
  15. أَلَهُمْ أَرْجُلٌ يَمْشُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ أَيْدٍ يَبْطِشُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ أَعْيُنٌ يُبْصِرُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ آذَانٌ يَسْمَعُونَ بِهَا ۗ قُلِ ادْعُوا شُرَكَاءَكُمْ ثُمَّ كِيدُونِ فَلَا تُنْظِرُونِ

    Олардың жүретін аяқтары, ұстайтын қолдары, көретін көздері немесе еститін құлақтары бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Аллаға қосқан ортақтарыңды шақырыңдар да, сонан осң маған мұрса бермей айлакерлік жасаңдар» де.

    7:195
  16. إِنَّ وَلِيِّيَ اللَّهُ الَّذِي نَزَّلَ الْكِتَابَ ۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى الصَّالِحِينَ

    Шынында менің ием Құран түсірген Алла. ол, жақсыларға иегершілік етеді.

    7:196
  17. وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَكُمْ وَلَا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ

    Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың, сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды.

    7:197
  18. وَإِنْ تَدْعُوهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ لَا يَسْمَعُوا ۖ وَتَرَاهُمْ يَنْظُرُونَ إِلَيْكَ وَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ

    Ал және оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Олардың саған қарағанын көресің. Бірақ олар сені көрмейді.

    7:198
  19. خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ

    (Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.

    7:199
  20. وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۚ إِنَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

    Егер шайтаннан саған б3р түрткі болса, Сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші.

    7:200

Аударма: Халифа Алтай