Мусыхаф, бет 180
-
وَاذْكُرُوا إِذْ أَنْتُمْ قَلِيلٌ مُسْتَضْعَفُونَ فِي الْأَرْضِ تَخَافُونَ أَنْ يَتَخَطَّفَكُمُ النَّاسُ فَآوَاكُمْ وَأَيَّدَكُمْ بِنَصْرِهِ وَرَزَقَكُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Сол бір замаңды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп.
8:26 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَخُونُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ وَتَخُونُوا أَمَانَاتِكُمْ وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар; тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.
8:27 -
وَاعْلَمُوا أَنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ وَأَنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар.
8:28 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَلْ لَكُمْ فُرْقَانًا وَيُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ
Әй мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі. (Мекке кәпірлері Пайғамбар Ғ.С. ды қамау, өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін қаулы алады.)
8:29 -
وَإِذْ يَمْكُرُ بِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِيُثْبِتُوكَ أَوْ يَقْتُلُوكَ أَوْ يُخْرِجُوكَ ۚ وَيَمْكُرُونَ وَيَمْكُرُ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ойла! Бір заманда олар сені қамауға не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Алла шараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы.
8:30 -
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا قَالُوا قَدْ سَمِعْنَا لَوْ نَشَاءُ لَقُلْنَا مِثْلَ هَٰذَا ۙ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Оларға аяттарымыз оқылғанда: «естідік, егер қаласақ біз де бұл тәрізді айта аламыз. Бұл бұрынғылардың қана ертегілері» деген.
8:31 -
وَإِذْ قَالُوا اللَّهُمَّ إِنْ كَانَ هَٰذَا هُوَ الْحَقَّ مِنْ عِنْدِكَ فَأَمْطِرْ عَلَيْنَا حِجَارَةً مِنَ السَّمَاءِ أَوِ ائْتِنَا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Тағы олар, сол уақытта: «Әй Алла! Егер осы Құран шынайы түрде Сенің қасыңнан болса, онда бізге көктен тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап бер.» деді.
8:32 -
وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ
негізінде Алла (Т.) Сен олардың ішінде болғанда, оларға азап етпес әрі олар жарылқау тілегенде де Алла, оларды азап қылмайды.
8:33
Аударма: Халифа Алтай