Мусыхаф, бет 193

  1. إِنَّمَا النَّسِيءُ زِيَادَةٌ فِي الْكُفْرِ ۖ يُضَلُّ بِهِ الَّذِينَ كَفَرُوا يُحِلُّونَهُ عَامًا وَيُحَرِّمُونَهُ عَامًا لِيُوَاطِئُوا عِدَّةَ مَا حَرَّمَ اللَّهُ فَيُحِلُّوا مَا حَرَّمَ اللَّهُ ۚ زُيِّنَ لَهُمْ سُوءُ أَعْمَالِهِمْ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ

    (Құрметті айлар: Зылқағда, Зілхажжа, Мұхаррам және Режеп.) (Араптар жаћилиет заманында, соғысуға болмайтын құрметті айда соғысып, оның орнына басқа айда соғыспай орнын толтыратын болған.) Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. Алланың арам еткен айының санын толтыру үшін; оны бір жыл арам етіп, бір жыл халал етеді. Сөйтіп Алланың арам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбет көрсетілді. Алла, қарсы елді тура жолға салмайды.

    9:37
  2. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا مَا لَكُمْ إِذَا قِيلَ لَكُمُ انْفِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ اثَّاقَلْتُمْ إِلَى الْأَرْضِ ۚ أَرَضِيتُمْ بِالْحَيَاةِ الدُّنْيَا مِنَ الْآخِرَةِ ۚ فَمَا مَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا قَلِيلٌ

    Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Алла жолында слғысқа шығыңдар(»,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. (Жерден қзғалғыларың келмеді) Ахиреттен көрі дүние тіршілігін қоштатыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ахиретке қарағанда өте аз ғана.

    9:38
  3. إِلَّا تَنْفِرُوا يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمًا وَيَسْتَبْدِلْ قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلَا تَضُرُّوهُ شَيْئًا ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    Егер соғысқа шықпасаңдар, Алла сендерді жан түршігерлік азапқа ұшыратады. Сондай-ақ орындарыңа басқа қауым келтіреді. Сендер Аллаға ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Алла, әр нәрсеге күші жетуші.

    9:39
  4. إِلَّا تَنْصُرُوهُ فَقَدْ نَصَرَهُ اللَّهُ إِذْ أَخْرَجَهُ الَّذِينَ كَفَرُوا ثَانِيَ اثْنَيْنِ إِذْ هُمَا فِي الْغَارِ إِذْ يَقُولُ لِصَاحِبِهِ لَا تَحْزَنْ إِنَّ اللَّهَ مَعَنَا ۖ فَأَنْزَلَ اللَّهُ سَكِينَتَهُ عَلَيْهِ وَأَيَّدَهُ بِجُنُودٍ لَمْ تَرَوْهَا وَجَعَلَ كَلِمَةَ الَّذِينَ كَفَرُوا السُّفْلَىٰ ۗ وَكَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

    Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына (Хазірет Әбу бекірге): «Кейіме! Расында Алла бізбен бірге» дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі.

    9:40

Аударма: Халифа Алтай