Мусыхаф, бет 194
-
انْفِرُوا خِفَافًا وَثِقَالًا وَجَاهِدُوا بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
(Әй мүміндер!) Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Алла жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін хайырлы, егер білген болсаңдар.
9:41 -
لَوْ كَانَ عَرَضًا قَرِيبًا وَسَفَرًا قَاصِدًا لَاتَّبَعُوكَ وَلَٰكِنْ بَعُدَتْ عَلَيْهِمُ الشُّقَّةُ ۚ وَسَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَوِ اسْتَطَعْنَا لَخَرَجْنَا مَعَكُمْ يُهْلِكُونَ أَنْفُسَهُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбүк жолы) өздерін әлекке салады. Алла олардың мүлде суайт екенін біледі.
9:42 -
عَفَا اللَّهُ عَنْكَ لِمَ أَذِنْتَ لَهُمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَتَعْلَمَ الْكَاذِبِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла сені кешірсін. Саған шын айтқандар анықталып, өтірікшілерді білмейінше оларға неге рұқсат бердің?
9:43 -
لَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ يُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ
Өйткені Аллаға, ахирет күніне иман келтіргендер, Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуда сылтауратпайды. Алла тақуаларды жақсы біледі.
9:44 -
إِنَّمَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَارْتَابَتْ قُلُوبُهُمْ فَهُمْ فِي رَيْبِهِمْ يَتَرَدَّدُونَ
Шынында сенен, Аллаға, ахирет күніне сенбегендер, жүректері күдіктеніп күмән ішінде екі ойлы болғандар ғана рұхсат сұрап сылтауратады.
9:45 -
وَلَوْ أَرَادُوا الْخُرُوجَ لَأَعَدُّوا لَهُ عُدَّةً وَلَٰكِنْ كَرِهَ اللَّهُ انْبِعَاثَهُمْ فَثَبَّطَهُمْ وَقِيلَ اقْعُدُوا مَعَ الْقَاعِدِينَ
Егер ол мұнафықтар соғысқа шығуды қаласа, әрине ол үшін бір әзірлік көрер еді. Бірақ Алла, олардың қимылдарын жақтырмады. Сондықтан оларды тосып қойды. Сондай-ақ оларға: «Отырушылармен бірге отырыңдар» делінді.
9:46 -
لَوْ خَرَجُوا فِيكُمْ مَا زَادُوكُمْ إِلَّا خَبَالًا وَلَأَوْضَعُوا خِلَالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
Егер олар, іштеріңде шықса да сұрқылықты ғана арттырады. Әрине араларыңда пітне ізденіп жүгірер еді. Іштеріңде олардың тыңшалары да бар. Алла залымдарды жақсы біледі.
9:47
Аударма: Халифа Алтай