Мусыхаф, бет 197
-
يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ لِيُرْضُوكُمْ وَاللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَقُّ أَنْ يُرْضُوهُ إِنْ كَانُوا مُؤْمِنِينَ
Олар сендерді разы қылу үшін Алланың атымен ант береді. Егер олар иман келтірген болса, Алланы және Елшісін разы қылуларына тиісті еді.
9:62 -
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّهُ مَنْ يُحَادِدِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَأَنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدًا فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْخِزْيُ الْعَظِيمُ
Олар, біреу Аллаға әрі Елшісіне қарсы келсе, расында соған ішінде мәңгі қалатұғын тозақ оты бар екенін білмей ме? Міне, ірі қорлық осы.
9:63 -
يَحْذَرُ الْمُنَافِقُونَ أَنْ تُنَزَّلَ عَلَيْهِمْ سُورَةٌ تُنَبِّئُهُمْ بِمَا فِي قُلُوبِهِمْ ۚ قُلِ اسْتَهْزِئُوا إِنَّ اللَّهَ مُخْرِجٌ مَا تَحْذَرُونَ
(Тәбүк соғысына кетіп бара жатқанда мұнафықтар, жандарынан өткен пайғамбар(Ғ.С.) ға қарап: «Мына ерлерге қараңдар. Шамның қамалын бұзып, Рұмның бекіністерін алмақшы. Бұларға әлі ол алысырақ» деп өзара тәлкектеп күліседі.) Екі жүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабар беретін бір сүренің түсуінен қорқады. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Қылжақтай тұрыңдар. Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де.
9:64 -
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ لَيَقُولُنَّ إِنَّمَا كُنَّا نَخُوضُ وَنَلْعَبُ ۚ قُلْ أَبِاللَّهِ وَآيَاتِهِ وَرَسُولِهِ كُنْتُمْ تَسْتَهْزِئُونَ
Егер олардан сұрасаң: «Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік» дейді. Оларға: «Алламен аяттарымен және Елшісімен қалжақтаған болдыңдар ма?»,- де.
9:65 -
لَا تَعْتَذِرُوا قَدْ كَفَرْتُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ ۚ إِنْ نَعْفُ عَنْ طَائِفَةٍ مِنْكُمْ نُعَذِّبْ طَائِفَةً بِأَنَّهُمْ كَانُوا مُجْرِمِينَ
Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәкар болғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз
9:66 -
الْمُنَافِقُونَ وَالْمُنَافِقَاتُ بَعْضُهُمْ مِنْ بَعْضٍ ۚ يَأْمُرُونَ بِالْمُنْكَرِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمَعْرُوفِ وَيَقْبِضُونَ أَيْدِيَهُمْ ۚ نَسُوا اللَّهَ فَنَسِيَهُمْ ۗ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ هُمُ الْفَاسِقُونَ
Мұнафық ерлер мен әйелдер, бірі-бірінен. (Бәрі бір.) Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Сараңдық қылады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар.
9:67 -
وَعَدَ اللَّهُ الْمُنَافِقِينَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْكُفَّارَ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ هِيَ حَسْبُهُمْ ۚ وَلَعَنَهُمُ اللَّهُ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُقِيمٌ
Алла, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерге және кәпірлерге ішінде мүлде қалатын тозақ отын уәде етті. Сол, оларға жетеді. Сондай-ақ Алла оларға лағынет етті. Әрі оларға тұрақты қинау бар.
9:68
Аударма: Халифа Алтай