Мусыхаф, бет 196
-
فَلَا تُعْجِبْكَ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ بِهَا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَتَزْهَقَ أَنْفُسُهُمْ وَهُمْ كَافِرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) онда сені олардың малдары, балалары таныртқатпасын. Шынында Алла, ол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды.
9:55 -
وَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ إِنَّهُمْ لَمِنْكُمْ وَمَا هُمْ مِنْكُمْ وَلَٰكِنَّهُمْ قَوْمٌ يَفْرَقُونَ
Олар: «Рас біз де сендерденбіз» деп Алланың атымен ант ішеді. Негізінде олар, сендерден емес. Бірақ олар қорқақ халық.
9:56 -
لَوْ يَجِدُونَ مَلْجَأً أَوْ مَغَارَاتٍ أَوْ مُدَّخَلًا لَوَلَّوْا إِلَيْهِ وَهُمْ يَجْمَحُونَ
Егер олар бір пана тапса, немесе үңгірдер, не бір кірерге тесік тапса, әрине олар, солай бұрылып ұмтылар еді.
9:57 -
وَمِنْهُمْ مَنْ يَلْمِزُكَ فِي الصَّدَقَاتِ فَإِنْ أُعْطُوا مِنْهَا رَضُوا وَإِنْ لَمْ يُعْطَوْا مِنْهَا إِذَا هُمْ يَسْخَطُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың кейбіреуі садақалар жайында сені сөгеді. Оларға одан берілсе разы болып, егер оларға одан берілмесе онда олар ыза болады.
9:58 -
وَلَوْ أَنَّهُمْ رَضُوا مَا آتَاهُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ سَيُؤْتِينَا اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَرَسُولُهُ إِنَّا إِلَى اللَّهِ رَاغِبُونَ
Егер олар рас Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және: «Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз Аллаға ынтықбыз» десе еді.
9:59 -
إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاءِ وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۖ فَرِيضَةً مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатын (жаңа Мұсылман) дарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі.
9:60 -
وَمِنْهُمُ الَّذِينَ يُؤْذُونَ النَّبِيَّ وَيَقُولُونَ هُوَ أُذُنٌ ۚ قُلْ أُذُنُ خَيْرٍ لَكُمْ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَيُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِينَ وَرَحْمَةٌ لِلَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ ۚ وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ رَسُولَ اللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: «Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)» деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол сендер үшін хайырлы бір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. Алалның Елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар»
9:61
Аударма: Халифа Алтай