Мусыхаф, бет 199

  1. يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ جَاهِدِ الْكُفَّارَ وَالْمُنَافِقِينَ وَاغْلُظْ عَلَيْهِمْ ۚ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ

    Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ, қайтып барар орны қандай жаман.

    9:73
  2. يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ مَا قَالُوا وَلَقَدْ قَالُوا كَلِمَةَ الْكُفْرِ وَكَفَرُوا بَعْدَ إِسْلَامِهِمْ وَهَمُّوا بِمَا لَمْ يَنَالُوا ۚ وَمَا نَقَمُوا إِلَّا أَنْ أَغْنَاهُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ مِنْ فَضْلِهِ ۚ فَإِنْ يَتُوبُوا يَكُ خَيْرًا لَهُمْ ۖ وَإِنْ يَتَوَلَّوْا يُعَذِّبْهُمُ اللَّهُ عَذَابًا أَلِيمًا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۚ وَمَا لَهُمْ فِي الْأَرْضِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ

    Олар: «Айтпадық» деп Алланың атымен ант ішеді. Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар Мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойдары жетпейтін нәрседен ой қылды. (Тәбүк соғысынан қайтқанда мұнафықтар Пайғамбар (Ғ.С.) дың түйесін түнде шұңқырға түсіруге тырысады.) Олар Алланы және Елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғана міндейді. (Шүкірсіздік етеді.) Егер олар тәубе қылса, өздері үшін жақсы. Ал егер олар жалтарса, Алла оларды дүние, ахиретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларға жер жүзінде не дос не жәрдемші жоқ.

    9:74
  3. وَمِنْهُمْ مَنْ عَاهَدَ اللَّهَ لَئِنْ آتَانَا مِنْ فَضْلِهِ لَنَصَّدَّقَنَّ وَلَنَكُونَنَّ مِنَ الصَّالِحِينَ

    Тағы олардан біреулер: «Егер Алла, бізге өз кеңшілігінен мал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік» деп Аллаға серт берді.

    9:75
  4. فَلَمَّا آتَاهُمْ مِنْ فَضْلِهِ بَخِلُوا بِهِ وَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ

    Сонда Алла оған өз ілтипатымен берген кезде, Оның бергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар.

    9:76
  5. فَأَعْقَبَهُمْ نِفَاقًا فِي قُلُوبِهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ يَلْقَوْنَهُ بِمَا أَخْلَفُوا اللَّهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ

    Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екі беткейлік салып, қояды.

    9:77
  6. أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ سِرَّهُمْ وَنَجْوَاهُمْ وَأَنَّ اللَّهَ عَلَّامُ الْغُيُوبِ

    Олар сырлары мен сыбырларын Алланың анық білетіндігін білмеді ме? Шынайы түрде Алла (Т.) көместерді толық біледі.

    9:78
  7. الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِي الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ فَيَسْخَرُونَ مِنْهُمْ ۙ سَخِرَ اللَّهُ مِنْهُمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

    Сондай мүміндерден садақаларда, ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді, тәлкектегендерді, Алла мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар.

    9:79

Аударма: Халифа Алтай