Мусыхаф, бет 200
-
اسْتَغْفِرْ لَهُمْ أَوْ لَا تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ إِنْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ سَبْعِينَ مَرَّةً فَلَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
(Мұнафықтар көп бергенді сындап, аз бергенді сықақ қылатын еді.) (Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтар үшін жарылқануларын тілесең де, тілемесең де тіпті олар үшін жетпіс қайта жарылқануын тілесең де, Алла, оларды әсте жарылқамады. Бұл олардың Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтарынан. Алла бұзақы халықты тура жолға салмайды.
9:80 -
فَرِحَ الْمُخَلَّفُونَ بِمَقْعَدِهِمْ خِلَافَ رَسُولِ اللَّهِ وَكَرِهُوا أَنْ يُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَقَالُوا لَا تَنْفِرُوا فِي الْحَرِّ ۗ قُلْ نَارُ جَهَنَّمَ أَشَدُّ حَرًّا ۚ لَوْ كَانُوا يَفْقَهُونَ
Олар Алланың Елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай отырып қалғандарына мәз болды. Сондай-ақ олар Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуды жек көреді. Олар: «Бұл ыстықта соғысқа шықпаңдар» деді. Егер түсінетін болса: «Тозақ оты тағы қатты ыстық» де.
9:81 -
فَلْيَضْحَكُوا قَلِيلًا وَلْيَبْكُوا كَثِيرًا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Енді олар, істегендерінің салдарынан аз күлсін, көп жыласын. (Олардың күлулерінен жылаулары көп болады.)
9:82 -
فَإِنْ رَجَعَكَ اللَّهُ إِلَىٰ طَائِفَةٍ مِنْهُمْ فَاسْتَأْذَنُوكَ لِلْخُرُوجِ فَقُلْ لَنْ تَخْرُجُوا مَعِيَ أَبَدًا وَلَنْ تُقَاتِلُوا مَعِيَ عَدُوًّا ۖ إِنَّكُمْ رَضِيتُمْ بِالْقُعُودِ أَوَّلَ مَرَّةٍ فَاقْعُدُوا مَعَ الْخَالِفِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла сені (Тәбүктен Мединедегі соғысқа бармай қалған) мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен (соғысқа) шығуға рұқсат сұраса: «Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жаумен еш соғыспайсыңдар. Өйткені, сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Ал енді артта қалушылармен бірге отырыңдар» де.
9:83 -
وَلَا تُصَلِّ عَلَىٰ أَحَدٍ مِنْهُمْ مَاتَ أَبَدًا وَلَا تَقُمْ عَلَىٰ قَبْرِهِ ۖ إِنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَاتُوا وَهُمْ فَاسِقُونَ
Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да қабырының басында тұрма! Өйткені, олар Аллаға, Пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді.
9:84 -
وَلَا تُعْجِبْكَ أَمْوَالُهُمْ وَأَوْلَادُهُمْ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ أَنْ يُعَذِّبَهُمْ بِهَا فِي الدُّنْيَا وَتَزْهَقَ أَنْفُسُهُمْ وَهُمْ كَافِرُونَ
Және сені олардың малдары, балалары таңыртқатпасын. Шынында Алла мұнымен, оларға дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды.
9:85 -
وَإِذَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ أَنْ آمِنُوا بِاللَّهِ وَجَاهِدُوا مَعَ رَسُولِهِ اسْتَأْذَنَكَ أُولُو الطَّوْلِ مِنْهُمْ وَقَالُوا ذَرْنَا نَكُنْ مَعَ الْقَاعِدِينَ
Қашан оларға: «Аллаға иман келтіріңдер, алланың Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілсе, олардың дәулеттері, сенен рұқсат сұрап: «Бізді қой, отырушылармен бірге болайық» дейді.
9:86
Аударма: Халифа Алтай